Аймақтар • 30 Маусым, 2020

"Biz Birgemiz" акциясы халықтың бірлігін көрсетті

358 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгін Петропавлда "Biz Birgemiz" республикалық акциясына қатысқан еріктілерді "Nur Otan" партиясы СҚОФ төрағасы, облыс әкімі Құмар Ақсақалов Тұңғыш Президент - Елбасы Н.Назарбаевтың Алғыс хаттарымен марапаттады, - деп жазады Egemen.kz

"Biz Birgemiz" акциясы халықтың бірлігін көрсетті

"Nur Otan" партиясының көшбасшысы қол қойған Алғыс хаттар 13 еріктіге тапсырылды, олардың арасында – бизнес, қоғамдық бірлестіктер өкілдері, журналистер, спортшылар, мәдениет қайраткерлері бар. Ал жалпы облыс бойынша осындай марапатқа 87 адам ие болды. "Індетті жұқтыру қаупіне, ауа-райының қиын жағдайына және басқа да қиындықтарға қарамастан, еріктілер мұқтаж жандардың үйлерін аралап, оларды азық-түлікпен, антисептикалық құралдармен қамтамасыз етті. Сондықтан олар қандай құрметке болсын лайықты. Еріктілер тіпті үзіліссіз, демалыссыз жұмыс істеді, күн сайын 6-7 мекенжайды аралап шықты, өздерінің әлеуметтік жауапкершілігін, мұқтаж адамдарға көмек көрсетудегі ерікті міндетін абыроймен орындады. Біздің волонтерларымыз үстіміздегі жылдың өздерінің құрметіне бекер аталмағанын іспен дәлелдеді. Риясыз және адал жұмыстарыңыз үшін сіздерге үлкен рахмет", - деді партияның аймақтық филиалының төрағасы Құмар Ақсақалов.

Елбасының атынан алғыс алғандардың арасында – "Моржи Petropavlovsk 15" бірлестігінің жетекшісі Ерік Мағамбетов те бар. Ол карантин кезінде жолдастарымен бірге Петропавлда тұратын 70 отбасына көмек көрсетті. "Елбасы Н.Назарбаевтың атынан алғыс алғаныма қуаныштымын. Бізге көмектесіп, азық-түлік жинауды жүзеге асырған адамдарға рахмет айтқым келеді. Біз Instagram әлеуметтік желісінде үндеу жариялаған едік, соған көптеген адамдар үн қосып, бізге қаражатпен қарайласты. Барлық ақша мұқтаждарға жеткізілді деп нық сеніммен айта аламын. Жұмысты жақсы үйлестіргені үшін нұротандықтарға алғыс айтамын, қиын кезеңде біз бірге екенімізді дәлелдедік", - деді Ерік Мағамбетов өзінің сөзінде.

Еске сала кететін болсақ, "Biz Birgemiz" акциясы Солтүстік Қазақстанда 18 наурызда басталған болатын. Ол мұқтаж азаматтарға азық-түлік, бірінші қажеттіліктегі тауарларды, антисептикалық және қорғаныс құралдарын жеткізуді өздеріне мақсат етті. Нәтижесінде еріктілер облыстың 2,5 мыңнан астам тұрғынына көмек көрсетті. Соның ішінде мұқтаж тұрғындардың әрқайсына 50 мың теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетіліп, барлығы 944 млн. теңге қаражат таратылды.

 

Солтүстік Қазақстан облысы