Жұқпалы індеттің таралуы Жетісу жерінде де өршіп тұр. Қазірге дейін облыста коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 700 адамнан асты. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, аймақтағы індетпен күрес жұмысы қалыпты жүріп жатыр. Қазір барлық емхана мен ауруханалар негізгі қызметін атқаруда. Өңірдегі «Жедел жәрдем» стансасы да қалыпты режімде жұмыс істеуде.

– Бүгінге дейін тұрғындар тарапынан шағымданушылар көп болғанымен, ауруханаларда орын тапшылығы сезіле қойған жоқ. Адамдардың өз денсаулығына алаңдауы орынды, сондықтан кез келген сұрақ бойынша емдеуші дәрігер мен «Жедел жәрдем» қызметіне хабарласушылардың саны артқаны анық. Мұндай жағдайдың Талдықорған қаласы бойынша көбейгені байқалды. Бірақ дәрігерлер әр шағым бойынша жұмыс істеп жатыр. «Жедел жәрдем» қызметі аса ауыр жағдайдағы науқастарға бірінші кезекте көмек көрсетуде. Қала ауруханаларында орын саны жеткілікті. Науқастың сипатына қарай ауруханаларға бөліп орналастыру қолға алынған, – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Ләйлім Әубәкірова.
Алайда облыс орталығындағы жағдай бақылауда болғанымен, 2 млн тұрғыны бар облыстағы ахуалды толыққанды оң бағалауға келмейді. Әсіресе ауылдық өңір тұрғындары тарапынан медицина мекемелеріне көмек сұрап келушілер саны артты. Мұндай жағдай Алматы қаласы маңындағы аудандарда байқалып отыр. Мысалы, Іле, Талғар, Еңбекшіқазақ, Қарасай аудандарына қарасты ауылдардың тұрғындары маман дәрігерлердің тапшылығы мен «Жедел жәрдем» стансасының жұмысына көңілі толмайтынын айтып, шағымдануда. Жалпы, Алматы облысының жекелеген аудандарында «Жедел жәрдем» қызметінің бір бригадасы 10 мың тұрғынға қызмет көрсетуге мәжбүр болып отыр. Сондай-ақ облыстың денсаулық сақтау саласында кадр тапшылығы қатты сезіледі. Бұған дейін облыс әкімінің есебінде аймақта 214 маманға сұраныс бар екені айтылған еді.
Соған қарамастан облыс дәрігерлері дертпен күресте барлық мүмкіндікті пайдалануда. Олардың қатарында Қапшағай қаласының ақ желеңді абзал жандары да бар. Дерек бойынша, қазірге дейін Қапшағай қаласында 170 адам «вирустық пневмония» диагнозымен ауруханаға жатқызылған. Қаладағы аурухананың терапия және балалар аурулары бөлімшелері қайта жабдықталып, провизорлық бөлімге айналып, орын саны 180 төсекке дейін көбейген. Барлық палатада оттегі тасымалдайтын балондар орнатылған. Қала бойынша 7 «Жедел жәрдем» көлігі тұрақты жүріп тұр. Панфилов ауданында да індетке қарсы жұмыстар алгоритм бойынша жүргізілуде. Елді мекендерде тәулік бойына кезекшілік ұйымдастырылды.
– Аудан бойынша 3 жедел топ құрылған. Олардың негізгі жұмысы күнделікті мониторинг жасау. Ауыр жағдайдағы науқастарды қарап, алгоритм бойынша қандай тексерулер жасау қажеттігін және емделу бағыттарын айқындайды. Ауданда 30 орындық госпиталь, 20 орындық провизорлық бөлім жұмыс істейді. Әкімшілік медицина қызметкерлеріне қолдау көрсетіп отыр. Жұмысқа шыққан қызметкерлердің барлығын қонақүйге орналастырды. Оларды тасымалдауға арнайы көлік бекітіліп, күнделікті медицина колледжінің 12 студенті волонтерлік көмек көрсетуде. Яғни еріктілер науқастарға үйіне тегін алатын дәрілерін жеткізіп беру, басқа да қызметтерге көмектеседі, – дейді Панфилов ауданы әкімінің баспасөз хатшысы Нұрбол Қанағат.
Алматы облысы
Алматыда автобус пен бірнеше жеңіл көлік соқтығысты
Оқиға • Кеше
Түркістандағы оқиға: Арнайы комиссия құрылды
Оқиға • Кеше
Көне мұралар цифрлық форматта жаңа тыныс ашуда
Өнер • Кеше
ШҚО-да қару сақтау тәртібін бұзған 6 мекемеге айыппұл салынды
Аймақтар • Кеше
Пробация қызметінде есепте тұрғандар қоғамдық жұмысқа тартылды
Аймақтар • Кеше
Алматыда құрылысшылар құқын қорғауға арналған кеңес өтті
Аймақтар • Кеше
Павлодар облысында халық саны азайған
Аймақтар • Кеше
ШҚО-да биыл 70 чернобыльдық санаториялық-курорттық ем алады
Аймақтар • Кеше
Алматыда әлеуметтік қор пәтерлерінің құны көтерілмейді
Аймақтар • Кеше
Ақтөбе облысының Алға ауданына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Қостанай облысында жоғалған жылқышы 6 күннен кейін табылды
Аймақтар • Кеше
Шекара қызметі «Қарасу» өткізу пунктінде контрабандалық жүкті ұстады
Қазақстан • Кеше
Сенаторлар ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының сессиясына қатысты
Парламент • Кеше
Ақмола облысындағы мектеп асханаларының жұмысына рұқсат берілді
Аймақтар • Кеше
Экономика • Кеше
Алматыда 452 көпбалалы отбасы баспанамен қамтылады
Аймақтар • Кеше
10 қалада атмосфералық ауаның ластану индексі жоғары
Экология • Кеше
Қожа Ахмет Ясауи шежіресінің бір үлгісі мен мөрі табылды
Руханият • Кеше
Алматы облысында әйелдер колониясына тыйым салынған заттар жеткізілген
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Қала шетіндегі дүкенге қарақшылық жасаған адам ұсталды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Қасым-Жомарт Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысын өткізді
Президент • 26 Ақпан, 2021
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Атырауда 33 медицина қызметкері марапатталды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Нұрсұлтан Назарбаев Қоры қайырымды да батыл отандастарымызды марапаттады
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Қазақстан тарихы: 7 томдық академиялық еңбек әзірленеді
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
Жамбыл мұрасы – ұлт руханиятының айнасы
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Корабльдерді күзету мен қорғау бойынша оқу-жаттығу өтті
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы тағайындалды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
ШҚО-да алты мекеме қару сақтау тәртібін бұзған
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Петропавлда ұландықтар өртенген үйден үш адамды алып шықты
Оқиға • 26 Ақпан, 2021
Бас прокуратура әлеуметтік желілерде митингке шақыруға байланысты үндеу жариялады
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы басталды
Фотогалерея • 26 Ақпан, 2021
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • 26 Ақпан, 2021
Алматыда Терісбұлақ өзені кәріз суларынан тазартылды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Ауа райына байланысты бірнеше облыста ескерту жарияланды
Ауа райы • 26 Ақпан, 2021
Мемлекет басшысының Жарлықтарымен бірқатар лауазым өкілі тағайындалды
Президент • 26 Ақпан, 2021
Қазақстанның АӨСШК-ге төрағалығы бірқатар елге гуманитарлық көмек берді
Қазақстан • 26 Ақпан, 2021
Ақмола облысында 3 мың адамға жеткілікті дәрі-дәрмек қоры бар
Медицина • 26 Ақпан, 2021
Қазақстан биржалық крипто-айналымның 1% -ын өзінің биржаларына аударуды жоспарлап отыр
Қаржы • 26 Ақпан, 2021
Қызылордада карантин талаптарын сақтамаған түнгі клуб анықталды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Атырауда полицияға 840 әйелден шағым түскен
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Тарбағатай ауданында кен байыту комбинаты салынады
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Елордада жексенбіде СОО-лардың жұмыс істеуіне рұқсат берілді
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
Нұр-Сұлтанда «Тәуелсіздіктің төл құрдастары» жобасы іске қосылды
Елорда • 26 Ақпан, 2021
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі қымбатшылықтың себебін түсіндірді
Экономика • 26 Ақпан, 2021
Грек-рим күресінен ел біріншілігі аяқталды
Күрес • 26 Ақпан, 2021
Илон Маск бір тәулікте біраз байлығынан айырылды
Әлем • 26 Ақпан, 2021
Жандарбек Бекшин алматылықтарға үндеу жолдады
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Футзал: Беларуське қарсы ойнаймыз
Спорт • 26 Ақпан, 2021
Биыл 8 мың алматылықты баспанамен қамту жоспарлануда
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Нұр-Сұлтанда жастарды жұмыспен қамтуға арналған меморандум жасалды
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
«Астана» велокомандасы Франциядағы жарысқа қатысатын спортшылар тізімін бекітті
Спорт • 26 Ақпан, 2021
Түркістанда «Кәсіпкерлік қырандары» жобасы бастау алды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Партия қоғамдық кеңестерінің қызметі жүйелі түрде қайта құрылымдалады – Бауыржан Байбек
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
Дзюдодан Қазақстан әйелдер құрамасы «Grand Slam» турниріне қатысады
Спорт • 26 Ақпан, 2021
Қарағанды облысында құлағы үсіген ер адам ауруханаға түсті
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
Ұқсас жаңалықтар