Спорт • 01 Шілде, 2020

"Астана" велокомандасы виртуалды "Тур де Франс" веложарысына қатысады

161 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

"Астана" велокомандасы "Тур де Франс" онлайн веложарысына қатысатынын ресми түрде мәлімдеді, - деп хабарлайды Olympic.kz.

"Астана" велокомандасы виртуалды "Тур де Франс" веложарысына қатысады

Веложарыстың бірінші кезеңі 4 шілдеге жоспарланған. Сенбіде басталатын дода алты кезеңнен тұрады. Велошабандоздар 19 шілдеге дейін өзара мықтыны анықтайды. Жарыс ережесі бойынша бір кезеңге 4 спортшыдан қатыса алады. Таулы, спринтер және классификациялық нәтижелер бойынша жарыс қорытындысы шығады. 

Қазіргі таңда велододаға барлығы 39 команда тіркелген.