Аймақтар • 01 Шілде, 2020

Қызылордада "Жас турист" жарысы өтті

554 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда облыстық Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен "Спорттық туризм және туристік көпсайыс федерациясы" жастар қоғамдық бірлестігі жас туристер арасында "Спорт есірткіге қарсы!" ұранымен жарыс өткізді, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Қызылордада "Жас турист" жарысы өтті

Нашақорлықтың алдын алуға бағытталған ақпараттық–насихаттау жұмысы аясындағы сайыс балалар  мен жасөспірімдердіңпсихобелсенді заттардың таралуына және қолданылуына қарсы тұруын қалыптастыруды көздеп отыр.

Жарысқа қатысушылар карантиндік шараларды барынша сақтай отырып, "кедергілер жолағынан" өту дағдыларын, скалодром шыңына көтерілу кезінде альпинистік дайындықтарын көрсетті.

Балалар мен жасөспірімдер туризмі балаларды тәрбиелеудің, оларға кәсіптік бағдар берудің, кейінгі буын арасында салауатты өмір салтын насихаттаудың тиімді жүйесі болып табылады.

Барлық жас туристер алғыс хаттар мен сыйлықтарға ие болды.