2020 жылғы ақпанда Парламент палаталарының депутаттары Г. Қарағұсова, Н. Қылышбаев, О.Өксікбаев, О.В.Перепечина және Т.И.Яковлева "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне аудиторлық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын енгізді. Заң жобасының мақсаты - аудиторлық қызмет саласындағы заңнаманы жетілдіру, аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру.
Алайда, заң жобасының мазмұны мен идеясы мәлімделген мақсаттарға сәйкес келмейді. ҚРЗ жобасында кәсіби аудиторлық ұйымдардың (бұдан әрі - КАҰ) міндеттерін, сондай-ақ мемлекеттік міндеттердің бір бөлігі берілетін "кәсіби кеңес" (бұдан әрі - Кеңес) құру ұсынылады. Кеңес ҚР Қаржы министрлігінің, Есеп комитетінің қызметкерлері, жекелеген депутаттар мен олардың туыстары үшін өзіндік "қосалқы аэродром" болып табылады.
Реттеуді, бақылауды және аудитті жүргізуді шенеуніктердің және депутаттардың туыстарымен үлестес басқа да тұлғалар жүзеге асыратын практикалық жағдай үшін алғы шарттар жасалады. Бұл сыбайлас жемқорлық факторын заңдастыру болып табылады.
ҚРЗ жобасымен Кеңесті қаржыландыру кәсіпкерлік субъектілеріне – аудиторлық ұйымдарға жүктеледі. Басқаша айтқанда, сыбайлас жемқорлық жүйесі құрылады: "аудит жүргізгіңіз келсе — төлеңіз". Мұндай қаржыландыру схемасы - салық емес, керісінше, рэкет немесе алым-салық өндіру.
Жалпы заң жобасы кәсіпкерлерге қысымды күшейтуге, таңдаулы тәсілді қолдануға, демек, сыбайлас жемқорлық ауқымын ұлғайтуға және аудиторлық қызмет нарығын қайта құруға бағытталған.