Сауалдамаға қатысқан тұрғындардың 51,7 пайызы 2021 жылғы Олимпия ойындары өткізілмесе екен деп тілейді. Ал оның ішіндегі 27,7 пайызы төрт жылдықтың басты додасының мүлде өткізілмегенін қаласа, 24 пайызы кейінірек өткізуді қолдап дауыс берген.
Олимпия ойындарын келесі жылы өткізуге қарсы болмаған 31,1 пайызы байрақты бәсекені қысқартылған жағдайда және жанкүйерлерсіз өткізу керек деген идеяны қолдайды. Қалған 15,2 пайыз тұрғын Олимпиаданың өз уақытында өтуіне қарсы емес.
Еске сала кетейік, наурыз айының соңында Халықаралық Олимпиада комитеті коронавирус пандемиясына байланысты 2020 жылғы Токио Олимпиадасын 2021 жылға ауыстырған болатын. Халықаралық дода келесі жылдың 23 шілдесі мен 8 тамызы аралығында өтетін болып бекітілді.