Қазақстан • 02 Шілде, 2020

Әскери медицина қызметкерлерінің қосқан үлесі аз емес

819 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Әскери дәрігерлер мен медбикелер – бүгінгі күні коронавирустық инфекциямен күресте алдыңғы қатарда жүр. Індеттің таралу қаупі бар жағдайда Қазақстан Қарулы Күштері Бас әскери-медициналық басқармасымен әскердің жеке құрамының санитарлық-эпидемиологиялық жағдайын қамтамасыз ету және сақтау бойынша қажетті жұмыс ұйымдастырылды, - деп хабарлайды Egemen.kz

Әскери медицина қызметкерлерінің қосқан үлесі аз емес

Қарулы Күштерде алдын-алу және эпидемияға қарсы іc-шаралар жүргізу мен азаматтық денсаулық сақтау қызметтеріне көмек көрсету үшін екі мыңға жуық әскери медициналық персонал тартылды.

Әскери-медициналық ұйымдарда коронавирус жұқтырған науқас анықталған кезде әрекет ету алгоритмі белгіленді. Індетті жұқтырғандарды дер кезінде оқшаулау және олармен байланыста болғандарға медициналық бақылау жүргізу сұрақтары пысықталған.

Әскери-медициналық мекемелер коронавируспен ауыратын науқастарды оқшаулау мен емдеумен айналысады. Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан қаласындағы Қорғаныс министрлігі Бас әскери-клиникалық госпиталі – карантиндік және провизорлық стационар, Алматы Әскери-клиникалық госпиталі – инфекциялық стационар, Талдықорғандағы әскери госпиль инфекциялық және провизорлық стационар, Үшаралда орналасқан әскери госпиталь провизорлық стационар ретінде жұмыс атқарады.

Алматыдан 30 шақырым жерде далалық жылжымалы госпиталь, шатырлы лагерь және бөлек жатақхана ғимараты орналасқан. Алғашқы күннен бастап қосымша коронавирус індеті анықталған науқастарды қабылдау үшін басқа да елді мекендерде де әскери-медициналық қоры дайындалды.

Бас әскери-медициналық басқармасында әскери-медициналық, оның ішінде карантиндік, провизорлық және инфекциялық мекемелерде 700-ге жуық науқас емделіп шыққаны туралы айтылды. Қазіргі уақытта емдеу және оқшаулауға арналған 500 орын дайындалды.

Одан бөлек, Қарағанды Әскери лазаретінің медициналық персоналы облыстық клиникалық ауруханасы базасындағы провизорлық госпитальдің жұмысына тартылды. Сонымен қатар Ақтөбе, Аягөз, «Гвардейск», Сарыөзек, Семей, Өскемендегі жеті әскери-медициналық мекемелерінде карантиндік, провизорлық, инфекциялық стационарларының жұмысына қатысу үшін дәрігерлік-медибикелік бригадалары дайындалды.

Қарулы Күштерде жеке құрамды диагностикадан өтуін қажетті мөлшерде қамтамасыз ету үшін жеке ПТР-зертханасы жұмыс жүргізуде.