10 Қазан, 2013

Мадонна ислам дініне ден қойды

280 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

10 10-MadonnaЖуырда белгілі жұлдыз Мадонна ислам дініне ден қойғанын жария етті. Бұл туралы «Аль-Арабия» телеарнасының ақпарына сілтеме жасаған Islamnews.ru хабарлады. 

«Мен қазір қасиетті Құранды оқу үстіндемін. Жалпы мен үшін барлық құнды кітаптарды оқып, зерттеу өте маңызды»,– деді Мадонна «Harper’s Bazaar» журналына берген сұхбатында.

Британиялық жұлдыздың ислам дініне ден қоюы 25 жасар Брахим Зайбат есімді мұсылман жігітімен таныстығынан кейін басталған секілді. Ал осы екі жұптың Түркиядағы мешітке бара жатқан кезінде түсірілген суреті де жұртшылықтың назарын аударған-ды. Ол суретте Мадонна хиджаб киіп алған болатын.

Айдар Өрісбаев.

Соңғы жаңалықтар