Бұл туралы ол сәрсенбі күні Twitter-дегі парақшасында жазды.
"Мен Түркістан облысында жұмыс сапарымен жүрмін. Сардоба су қоймасының бұзылуынан кейінгі қалпына келтіру жұмыстарымен, облыстағы каналдардың құрылысымен және жөндеуімен таныстым", деп жазды М.Мырзағалиев.
"Өңірде суармалы жерлердің аумағын ұлғайту бойынша облыс бойынша 536 мың га қарқынды жұмыстар жүргізілуде, оның ішінде 21 мың га қалпына келтірілуге жатады. Осы мақсатта жалпы ұзындығы 736 км жаңа арналарды, барлығы 122 арнаны қалпына келтіру және салу бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Бұл жұмыстарға 1500-ден астам жұмысшы жұмылдырылды, қосымша мыңдаған жұмыс орны ашылады", - деді министр.
Сондай-ақ, министр "бұл стратегиялық міндет, оны жүзеге асыру қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер сумен қамтамасыз етіледі, соның салдарынан облыста өсірілетін ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі артады, ауыл тұрғындары тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіледі, жеке жеміс - көкөніс өнімдері бойынша елдің импортқа тәуелділігі төмендейді және т.б.", - деп атап өтті.