"Жақсы жаңалығым бар. Елбасының КВИ-ге бүгінгі тесті теріс нәтиже көрсетті. Дәрігерлердің кеңесіне сәйкес, Нұрсұлтан Назарбаев өзін-өзі оқшаулау режимін жалғастырады. Қашықтан жұмыс істеп, таза ауада серуендеуге уақыт бөледі", - деп жазды Айдос Үкібай.
Еске сала кетейік, 18 маусымда Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев коронавируске байланысты оқшауланған болатын.