Қазақстан • 03 Шілде, 2020

Үйде науқастарды емдейтін мобильді бригадалар қалай жұмыс істейді?

350 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Медициналық көмек көрсету үшін барлық жағдайлар жасалуда. Елімізде амбулаториялық-емханалық көмекті ұйымдастыру желісі кеңейтілді, - деп жазады Egemen.kz

Үйде науқастарды емдейтін мобильді бригадалар қалай жұмыс істейді?

"Соңғы жүргізілген жұмыстар нәтижесінде, пациенттердің емханаларға бекітілу жағдайы бұзылған. Бір отбасының мүшелері әртүрлі емханаларда, әр жерде бекітілген. Үйде қызмет көрсету аумағынан тыс келген адамдардың санаты пайда болды. Оларға қадамдық қолжетімділік ұсыну қиынға соғып отыр. Емханалар өз жұмысын бірде-бір тоқтатқан емес", деді Денсаулық сақтау вице-министрі А. Ғиният.

Оның айтуынша, коронавирус жұқтырған науқастарды үйде емдейтін 383 көшпелі мобильді бригадалар жұмыс істейді.

"Олардың бірінші түрі - КВИ-ға тест алуды жүргізу. Екінші түрі - КВИ расталған науқастарға көмек көрсетеді. 165 мың науқас амбулаториялық жағдайда медициналық көмек алуда. Үшінші түрі - созылмалы (хроникалық) аурулары бар науқастарға көмек көрсетеді", деді вице-министр.