Аймақтар • 03 Шілде, 2020

Қарағандыда халықаралық онлайн-дөңгелек үстел отырысы өтті

357 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Кеншілер астанасында "Теміртау – алтын бесігім" деген тақырыпта  халықаралық онлайн-дөңгелек үстел отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz. Аталған іс-шара Теміртау қаласының 75 жылдығы мен Қазақстан Магниткасының 60 жылдық мерейтойын атап өту аясында ұйымдастырылған еді.

Қарағандыда халықаралық онлайн-дөңгелек үстел отырысы өтті

Виртуалды басқосуға Zoom арқылы Елбасының серіктестері, Украинадағы Каменск жоғары кәсіби училищесінің директоры Вадим Неклесе, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті кітапханасының өкілі, Қарағанды металлургия комбинатының бұрынғы бас директоры Олег Сосковец және басқалар қатысты.

Онлайн-дөңгелек үстел отырысының жұмысын жүргізіп отырған Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Тұңғыш Президент-Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев есімінің еліміздің астанасы Нұр-Сұлтан мен Теміртау қалаларын және Қазақстан Магниткасын өзара байланыстырып тұратынын атап өтті.

"Біз Қарағанды облысының Елбасының еңбек және саяси Отаны екенін мақтан тұтамыз. Дәл осы жерде Нұрсұлтан Әбішұлы өзінің кәсіби жолын бастаған. Өзінің айтуынша, Теміртау Елбасыныңөмірдегі басты университеті болды. Сонау 60-шы жылдары тақыр далада комбинат цехтарын салған, елдің экономикалық және стратегиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, металдың рекордтық тонналарын берген адамдарға деген таңданысымды шын жүректен білдіргім келеді. Жастар: "Қазір мұндай адамдар жоқ, – дегені бар. Мен олармен толықтай келісемін", – деді өңір басшысы.

1

Алғашқылардың бірі болып сөз алған Украинадағы Каменск жоғары кәсіби училищесінің директоры Вадим Неклесе оқу орнында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне арналған мұражай бар екенін, жалпы білім мекемесінің қабырғасында қайраткер тұлға есімінің әрдайым лайықты түрде ардақталатынын атап өтті.

"Нұрсұлтан Назарбаев жас кезінде ақыл-ойының ерекше қалыптасуымен, табандылығымен, стратегиялық ойлай білуімен ерекшеленген. Біздің мұрағаттарда сол уақыттағы Днепродзержинск газетінің бір нөмірі сақталған. Ондағы мақалада училищеде бір топ жас қазақтардың оқитыны жазылған. Ең үздік нәтижелерді Нұрсұлтан Назарбаев көрсетіпті. Тіпті, аталған мақаламен бірге 19 жастағы болашақ Президенттің топтастарына домна пешінің құрылысын түсіндіріп тұрған  фотосуреті де қоса жарияланыпты", – деді училище басшысы.

Еске салар болсақ, қазіргі Каменск жоғары кәсіби училищесі бұрын Днепродзержинск қаласының № 8 техникалық училищесі болған еді. Мұнда 1958 жылдан 1960 жылға дейін болашақ Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев оқыған болатын.

Бұдан кейін Елбасының сенімді серіктестері әңгімені әрі қарай өрбітіп, тарихи мәні зор құнды естеліктерімен бөлісті. Мысалы, Тұңғыш Президентпен Қарағанды политехникалық институтында бір топта оқыған досы, Қазақстан Республикасының тұңғыш Сыртқы істер министрі Төлеутай Сүлейменов Елбасының еңбек жолы туралы кеңінен тарқатып айтып берді.

"Біз ылғи да бірге болдық. Бірге жұмыс істедік – ауысымды бір-бірімізден қабылдап алатынбыз. Жатақханада да бірге тұрып, жұбымыз жазылмай жүріп бірге оқыдық. Соңырақ үйлену тойларымызды жасап, бірге тойладық. Нұрсұлтан Әбішұлы – сөзіне берік, досқа адал адам. Ол ерекше  жаратылған жан: көп дүниеге басқаша көзқараспен қарайтын, алда не болатынын болжай алатын қасиетімен дараланды", деп атап өтті Төлеутай Сүлейменов.

Сондай-ақ, онлайн-дөңгелек үстел жұмысында Елбасының серіктесі, Қазақстан Магниткасында тізе қоса бірге еңбек еткен Қабидолла Сарекенов, бұрынғы цех бастығы Эдуард Миникес, алып комбинаттың басшысы болған Олег Сосковец, "АрселорМиттал Теміртау" АҚ атқарушы директоры Вадим Басин, ҚарМТУ ректоры Марат Ибатов және басқалар Тұңғыш Президенттің қайраткерлік тұлғасын аша түскен естеліктерімен бөлісті, Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің мызғымас іргетасын қалаған ерен еңбегі турасында пайымды пікірлерін айтты.

Соңғы жаңалықтар

Астанада Мәуліт кеші өтті

Дін • 27 Қыркүйек, 2024

Қостанайда жылу тарифі қымбаттайды

Аймақтар • 27 Қыркүйек, 2024

TikTok-қа тоқтам керек

Пікір • 27 Қыркүйек, 2024