Бұл туралы "Nur Otan" партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Instagram желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Egemen.kz

"Құрметті достар, баршаңызды алдағы астанамыз - Нұр-Сұлтан күнімен құттықтаймын! Елбасының тапсырмасы бойынша #BizBirgemiz акциясының төртінші кезеңі атқарылды. Еліміздің ауылдық елді мекендеріндегі тағы 80 мыңнан астам мұқтаж отбасы 50 мың теңгеден алды.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен "Birgemiz" қорының біржолғы қаржылық қолдауымен 550 мыңнан астам отбасы қамтылды. Отбасы мүшелерін қоса есептегенде, бұл – 2 миллиондай қазақстандық.
Сонымен бірге тұрмысы төмен 100 мың мұқтаж отбасыға 5 миллионнан астам тегін маска үлестірілді.
Nur Otan партиясы мен Тұңғыш Президент Қоры желісі бойынша 300 мыңдай отбасы азық-түлік себетін алды. Бұл іске Jas Otan жастар қанатының 5 мыңнан астам волонтері атсалысты.
Нұротандықтар Түркістан облысының су басқан ауылдарының тұрғындарына мың тоннадан астам гуманитарлық көмек жөнелтті. Шілде айында Достық ауылының тасқыннан зардап шеккен тұрғындарына арналған үйлер салынып бітеді.
Кеше Нұрсұлтан Әбішұлы Қазақстан халқына арналған үндеуінде атап көрсеткендей, "Біз өткеріп жатқан күрделі кезең – бүкіл адамзаттың басына түскен сын-сынақ. Сырқатпен күрестің ең алдыңғы шебінде жүрген дәрігерлер адамдарды аман алып қалу үшін барлық күшін жұмсауда. Еліміздің Президенті мен Үкіметі қалыптасқан жағдайды түзету үшін қажетті барлық шараны қабылдауда. Алайда көп нәрсе өзімізге байланысты. Халқымыз басқа түскен қиындықты өзінің қайрат-жігері, ұйымшылдығы, болашаққа деген ұмтылысы арқылы бүкіл халықаралық қоғамдастықпен бірге лайықты түрде еңсеріп, аман-есен шығарына сенімдімін. Біз тағы да жеңімпаз боламыз. Еліміздің жақсы күндері алда. Біз біргеміз!"- деп жазды Бауыржан Байбек.
Елордада жеңіл атлетикадан марафон ұйымдастырылды
Елорда • Кеше
Қызылорда облысында абайсызда арыққа құлап кеткен сәби көз жұмды
Аймақтар • Кеше
Шымкенттегі жарылыстан бір нәресте шетінеді
Аймақтар • Кеше
Ақтөбе облысында 15 жастағы балаға найзағай түсіп көз жұмды
Аймақтар • Кеше
Елімізде 9,5 миллионға жуық адам КВИ-ге қарсы екпе алды
Коронавирус • Кеше
Шымкенттегі перзентхана маңында жарылыс болды
Оқиға • Кеше
Мемлекет басшысы Мәжіліс төрағасын қабылдады
Президент • Кеше
Роман Скляр жұмыс сапарымен Ашхабадқа барды
Үкімет • Кеше
Шетелдегі Қазақстан азаматтары референдумға қатыса алады
Қазақстан • Кеше
Елімізде бір тәулікте 3 адам коронавирус жұқтырды
Қазақстан • Кеше
21 мамырға арналған валюта бағамы
Қаржы • Кеше
Белгілі этнограф, суретші Ералы Оспановтың кітаптарының тұсаукесері өтеді
Өнер • 20 Мамыр, 2022
Смайылов ТМД елдерін азық-түлік бағасымен күресте күш біріктіруге шақырды
Саясат • 20 Мамыр, 2022
Солтүстік Кореяда ковидке шалдыққандар саны 2 миллионнан асты
Әлем • 20 Мамыр, 2022
«Capital Bank Kazakhstan» АҚ салымшыларына кепілді өтем төлеу мерзімі аяқталады
Экономика • 20 Мамыр, 2022
Алматыдағы 3 жолайрықтың құрылысы келесі жылы аяқталады
Аймақтар • 20 Мамыр, 2022
«Астрахань-Маңғыстау» су құбыры күрделі жөндеуді талап етеді
Аймақтар • 20 Мамыр, 2022
Маңғыстауда 10 мектептің директоры айыппұл төледі
Аймақтар • 20 Мамыр, 2022
«Ақ қауырсын» әдеби сыйлығының иегерлері анықталды
Аймақтар • 20 Мамыр, 2022
Әскери қызметтен өткен университет түлектері грантты өтеуден босатылады
Білім • 20 Мамыр, 2022
Былтыр 3 ірі мұнай операторы бюджетке 7,5 млрд доллар тікелей төлем жасады
Экономика • 20 Мамыр, 2022
Ұқсас жаңалықтар