"Жоба атауы - бұл фильмге сұхбат жазу барысында Елбасы айтқан сөз. Нұрсұлтан Назарбаев осынау сөз орамымен бүкіл өмірін, Қазақстанның Тұңғыш Президенті лауазымында гүлденген мемлекет құруға, қазақстандық қоғамды үлесімділік пен әл-ауқатқа қол жеткізуге арналған қызметін атап өтеді. Бүгінде ол өз ісін жалғастырып, еліміздің тәуелсіздігін нығайтатын, халқымыздың бейбітшілігі мен бірлігін сақтайтын қазақстандықтардың келесі буынына үлкен сенім артады", деді Айдос Үкібай.
Сондай-ақ деректі фильмді қашан көрсететінін айтты.
"Нұрсұлтан Назарбаевтың осы және өзге де сауалдарға жауабын есту үшін деректі фильмді "Хабар" телеарнасынан 6 шілде күні сағат 21-40-та, "КТК" телеарнасынан 7 шілде күні сағат 20-00-де тамашалауға кеңес береміз", - деді Айдос Үкібай.