Аймақтар • 05 Шілде, 2020

Қарағандыда Global City көтерме-тарату логистикалық орталығы ашылды

538 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана күні мерекесінің қарсаңында Қарағандыда "Бизнестің жол картасы" және "Қарапайым заттар экономикасы" мемлекеттік бағдарламалары аясында еліміздегі ең ірі Global City көтерме-тарату логистикалық орталығы ашылды, – деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қарағандыда Global City көтерме-тарату логистикалық орталығы ашылды

Жаңа орталықта азық-түлік өнімдері сақталады, сұрыпталады және сатылатын болады. Ең бастысы, орталықта көкөніс пен жеміс делдалдарсыз босатылады, ал мұның өзі Қарағанды нарығында ғана емес, еліміздің басқа өңірлерінде де бағаны төмендетуге мол мүмкіндік береді.

Аталған нысанда бөлшек сауда үшін ауданы 42 мың шаршы метр болатын сауда-ойын-сауық орталығы, 149 жеке тұрған сауда павильоны және аумағы 2 мың шаршы метр мамандандырылған ет павильоны салынды.

777

Мұнда ірі көтерме сауда орындары үшін түрлі температуралық режімдегі климаттық қойма, құрғақ қойма, уақытша сақтау қоймасы (УСҚ), темір жол тұйығы, көтерме краны бар контейнерлік алаң, кедендік ресімдеу аймағы, тиеу-түсіру техникасы қарастырылған. Аумақта кросс-ДОК орналасқан, олар бір мезгілде 164 жүк көлігін қабылдай алады. Тағы бір артықшылық – көліктер үшін логистикалық орталықтан Қарағанды қаласын Нұр-Сұлтан, Павлодар және Алматы бағыттарымен жалғап жатқан жол айрығына тікелей шығу мүмкіндігі қарастырылған.

777

Сондай-ақ, Global City көтерме-тарату логистикалық орталығында "Цифрлы Қазақстан" бағдарламасы бойынша фермерлер мен сатып алушылар үшін электрондық сауда алаңы құрылады және бизнес-үдерістерді басқару  жүйесі толықтай автоматтандырылады.

 

 

Қарағанды облысы