Қазақстан • 05 Шілде, 2020

Спорт комментаторы Диас Омаров өмірден өтті

50 рет көрсетілді

Бүгін таңертең қазақстандық танымал спорт журналисі және комментатор Диас Омаров өмірден озды. Бұл туралы Қазақпарат тілшісі хабарлады, - деп жазады Egemen.kz

Диас Омаров 1940 жылдың 20 қазанында дүниеге келген. Қазіргі Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология факультетінің журналистика бөлімшесінде білім алған. 1966 жылдан Қазтелерадионың спорт коментаторы болған. Ал 1998 жылдан "Хабар" телеарнасында спорт комментаторы ретінде жұмыс істеген.

"Диас ағаның өмірден озғандығы туралы қайғылы хабар тосыннан болды. Өйткені, жасы біразға келгеніне қарамастан ол спорттық өмір салтын ұстанып және де аптасына бірнеше рет көптеген достарымен бас қосып, сүйікті футболында доп қуалайтын еді. №1 спорттың көптеген жанкүйерлері оны футболдың арқасында білді.

Диас Омаровтың әкесі - көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, соғыс жылдарында ең жас сауда халық комиссары, кейінен Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің хатшысы және Мәдениет министрі болған, ашқұрсақ балалық шақты бастан кешірген Ілияс Омаров балаларының шымыр болып өскендігін қалап, үлкен ұлын футболға алып келген екен", - деп еске алады Қазақстанның спорт баспасөз қызметі қауымдастығының президенті Ілияс Омаров.

 

Соңғы жаңалықтар

ҚХЛ: Виза бермей жатыр

Хоккей • Бүгін, 15:18

COVID-19 адамнан итке жұққан

Коронавирус • Бүгін, 14:15

Қиын кезең артта қалды - министр

Қазақстан • Бүгін, 11:14

Жырақта өткен жиырма жыл

Оқиға • Бүгін, 08:16

Ұқсас жаңалықтар