Әр халық өзінің дара перзенттерімен асқақ, солармен биік. Кемел келешекке керуен тартқан тәуелсіз мемлекетіміздің айбынын асырған Нұрсұлтан Әбішұлы қазақ деген ұлы халықтың тарихымен бірге мәңгі жасайтын жасампаз тұлға. Бұл ешқандай боямасыз айтылған жүрек сөзі.
Тағдырдың талай-талай теперішін көріп, сан тарау жолдан өткен еліміздің өмірі азаттық дейтін аяулы ұғыммен қайта түледі. Сол тұста ел тізгінін қолына алған Елбасымыз сындарлы шешімдер жасап, тәуекелді қадамдарға бара білді. Шекарамыз шегенделіп, іргеміз беки түсті. Жұмыр жердің бетіндегі қазақ дейтін қасиетті халықты тұтас әлем таныды. Мәдениет, білім, экономика, спорт сынды ұлт айбарының темірқазығына баланатын сан салада толайым табыстарға қол жеткіздік. Өшкеніміз жағылып, жоғалғанымыз табылды. Мұның бәрі жайдан-жай келе қалған жоқ. Қажырлы еңбек, берік ұстаным, көреген шешімдер асқақ арманға қанат байлады. Бұл жетістіктер тікелей Елбасының айшықты еңбегімен астасып, сабақтасып жатыр. Ниеті дұрыс, көңілі ояу жұрт мұны көрмеуі мүмкін емес.
Нұрсұлтан Назарбаев елдің мәдени өмірін өркендетуге ерен еңбек сіңірді. Тұңғыш Президент тұсында «Халық – тарих толқынында», «Мәдени мұра», «Рухани жаңғыру» сынды ұлтымыздың тарихы мен өнерін, мәдениеті мен салт-дәстүрін жаңғыртуға арналған мемлекеттік бағдарламалар қолға алынды. Олардың іске асуы кино мен театр, дәстүрлі музыка мен сәулет, бейнелеу өнерлерінде тың серпіліс жасады.
Ол кісі өнер мен білімге бай адам. Бұл өз кезегінде өнер адамдарына үлкен қолдау болды. Уақыттың ағысын, заманның жылдамдығын сезіп отыратын зерделі жан қаншама талантты азаматтың өнері мен өмірінің өрістеуіне жағдай жасады. «Өнер сүйген патша – халық байлығы» деген сөз бар. Бір жолы қасиетті қарашаңырағымыз «әкем-театрға» арнайы келіп, жиырма жас әртісімізге пәтер кілтін үлестіріп еді. Бұл тарихта болмаған нәрсе. Ұлттың мәдениетін қолдау – халықтың болашағын ойлау. Сондықтан мен жүрген жерімде Елбасының осы бір көрегенді ісін үнемі айтып жүремін.
Қазақтың болмысында араздасқанды татуластыру дейтін жақсы қасиет бар. Мен осынау құндылықтың өрелі өрнегін, салтанатты үлгісін Елбасымыздың іс-әрекетінен бағамдап, нағыз қазақтың қасиет-қалыбын бойына дарытқан жан деп пайымдаймын. Бір ғана мысал айтайын. Бауырлас түрік ағайындар мен Ресей арасында тұтанған алауыздықты ауыздықтауға ол кісі қомақты үлес қосты. Қос елдің президенттерін бітімгерлікке шақырып, әлемге озық үлгі көрсетті. Осы жағдайдан кейін Түркия мен Ресейдің мемлекет басшыларының бір-біріне деген реніш тоңы жібіп, үлкен қауіп дер кезінде сейілді. Күні бүгін екі мемлекеттің халқы осы бір салиқалы ісі үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа дән риза. Себебі арадағы бұл шиеленіс ушығып кетер болса, екі мемлекеттің де экономикасына салқынын тигізер еді. Тіпті соғыс өрті тұтанып кетуі де ықтимал-тұғын.
Халықаралық дипломатия асқан жауапкершілікті талап ететін тым нәзік сала. Сабағын үзіп алсаң, қайтып орнына келтіру мүмкін емес. Әлем күн сайын өзгеріске ұшырап отырған алмағайып дәуірде мұның бәрін дәл таразылау парасаты мен пайымы, ақылы мен білімі кемел басшының ғана қолынан келетін шаруа. Жер-жаһанға мемлекеттің бейбіт және ядролық қарусыз саясатын паш етіп, басқаларды да осы жолды ұстануға шақыру арқылы кеңдік пен кемелдіктіктің көркем үлгісін көрсетті. Көпұлтты Қазақстанның ынтымағы мен татулығын нығайтты. Мемлекетіміз бірлік пен қоғамдық келісімнің алтын ұясына айналды. Бұл тұрғыдан алғанда да Тұңғыш Президентіміздің қайраткерлік жолы талайларға жақсы үлгі. Халқымызды таным мен тағылымға шақырған тың бастамалар әлі де жалғаса бергей.
Асқан асу, аттаған белес тарих дейтін ұлы кітапқа өшпестей болып қашалды. Қоғам болғаннан кейін, адамдар жүрген ортада қисынды-қисынсыз түрлі пікірлер айтыла береді. Тәй-тәй басқан жас мемлекетіміздің өткені мен бүгінін әділ таразылайтын халқымыз жарқыраған жақсылықты, осынау жылдардың бедеріндегі шуақты шақтарды көре білсе игі.
Мерейлі сексен жасқа толып отырған толағай тұлғаға темірдей берік денсаулық тілеймін. Сырқаттанып қалды дегенді естіп: «Жанып тұрған оттың ішінен шыққан азамат қой, бұл сынақтан сүрінбей өтер» деп едім. Көптің тілеуімен денені дендеген кеселден құлан таза айықты дегенде шын қуандық. Қазақ дейтін қараорман халықтың арманымен астасқан, жыртығына жамау болған жігерлі жан әлі де ел үшін елеулі қадамдарға барып, мемлекетіміздің өркендеуі жолында еңбек ете береді деп сенеміз. Асылымызды ардақтайық, жақсымызды құрметтейік. Қазанаттарымыз тұғырлы, азаматтарымыз ғұмырлы, тәуелсіздігіміз баянды болғай!
Сәбит ОРАЗБАЕВ,
Қазақстанның халық әртісі
Қала шетіндегі дүкенге қарақшылық жасаған адам ұсталды
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Атырауда 33 медицина қызметкері марапатталды
Аймақтар • Кеше
Жамбыл мұрасы – ұлт руханиятының айнасы
Аймақтар • Кеше
Корабльдерді күзету мен қорғау бойынша оқу-жаттығу өтті
Аймақтар • Кеше
ШҚО-да алты мекеме қару сақтау тәртібін бұзған
Аймақтар • Кеше
Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы басталды
Фотогалерея • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Кеше
Алматыда Терісбұлақ өзені кәріз суларынан тазартылды
Аймақтар • Кеше
Ауа райына байланысты бірнеше облыста ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Ақмола облысында 3 мың адамға жеткілікті дәрі-дәрмек қоры бар
Медицина • Кеше
Қызылордада карантин талаптарын сақтамаған түнгі клуб анықталды
Аймақтар • Кеше
Атырауда полицияға 840 әйелден шағым түскен
Аймақтар • Кеше
Тарбағатай ауданында кен байыту комбинаты салынады
Аймақтар • Кеше
Грек-рим күресінен ел біріншілігі аяқталды
Күрес • Кеше
Илон Маск бір тәулікте біраз байлығынан айырылды
Әлем • Кеше
Жандарбек Бекшин алматылықтарға үндеу жолдады
Аймақтар • Кеше
Футзал: Беларуське қарсы ойнаймыз
Спорт • Кеше
Биыл 8 мың алматылықты баспанамен қамту жоспарлануда
Аймақтар • Кеше
Түркістанда «Кәсіпкерлік қырандары» жобасы бастау алды
Аймақтар • Кеше
Шымкенттегі медицина қызметкерлерінің еңбекақысы өсті
Аймақтар • Кеше
Қазақстандықтардың несиесі 7,6 трлн теңгеге жетті
Қаржы • Кеше
Түркістанда құдалық өткізгендер жауапқа тартылды
Аймақтар • Кеше
Шымкенттен шалғай орналасқан ауруханаға КТ аппараты орнатылды
Аймақтар • Кеше
Алматыда қосымша жұмыс орындары ашылады
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Алматыда халықаралық форум өтті
Аймақтар • Кеше
Азаматтарға арналған үкімет өзінің кадрлар резервін жасақтайды
Аймақтар • Кеше
Мемлекеттік хатшы Жамбыл ескерткішіне гүл шоғын қойды
Фотогалерея • Кеше
Батыс Қазақстанда жол апатынан 4 адам қаза тапты
Аймақтар • Кеше
Екі қазақстандық дзюдошы әлемнің үздік ондығына енді
Спорт • Кеше
ШҚО ауыл шарушылығы бойынша алдыңғы қатарда
Аймақтар • Кеше
Экология вице-министрі жұмыс сапарымен Қызылорда облысында болды
Экология • Кеше
Сайын Мұратбетковтың әңгімелері ағылшын тіліне аударылды
Әдебиет • Кеше
Сенаторлар көлік қауіпсіздігі деңгейін төмен деп санайды
Парламент • Кеше
2020 жылы 13 мың этникалық қазақ көшіп келді
Қоғам • Кеше
Ұқсас жаңалықтар