Коронавирус • 06 Шілде, 2020

Грузиядан тыныс алуға арналған 10 аппарат жеткізілді

251 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Тбилисиден Алматыға «Грузияның индустриялық тобы» директорлар кеңесінің төрағасы Давид Бежуашвилидің атынан Нұр-Сұлтан медициналық мекемелері арасында таратылатын өкпені жасанды желдету аппараттарының 10 жиынтығын қамтитын гуманитарлық жүк жеткізілді, деп хабарлайды, - Egemen.kz. 

Грузиядан тыныс алуға арналған 10 аппарат жеткізілді

Бұл туралы ҚР Сырты Істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

"Қазақстан СІМ достас Грузия халқына, «Грузия индустриялық тобының» басшысы Давид Бежуашвилиге коронавирус пандемиясымен күресте көрсеткен қолдауы үшін алғысын білдіреді", - делінген хабарламада.