Аймақтар • 07 Шілде, 2020

Қарқаралы қуаныш құшағында

477 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елорда күні мерекесінің қарсаңында Қарқаралы ауданында үш әлеуметтік нысан пайдалануға берілді.

Қарқаралы қуаныш құшағында

Аудан орталығында жаңадан бой көтерген денешынықтыру-сауықтыру кешені 320 адамға лайықталып жо­баланған. Жалпы аумағы 2437,7 шаршы метр жерді алатын кешенде спорттың волейбол, баскетбол, гандбол, күрес түрлерімен шұғылдануға барлық жағдай бар. Спорт сарайының іші жаттығуларға қажетті құрал-жабдықтармен толықтай қамтамасыз етілген.

Қарқаралы қаласында тағы бір спорт нысаны – үстел теннисінің орталығы да келушілерге айқара есік ашты. Мұнда бір мезгілде 60-тан астам адам спорттың осы түрімен айналыса алады. Теннис орталығы заманауи талаптарға сай жарақтандырылған.

Сонымен қатар аудандағы ірі ел­ді мекендердің бірі Қарағайлы кен­тін­де дәрігерлік амбулаторияның жаңа ғимараты пайдалануға берілді. Жер­гілікті халық көптен күткен бұл меди­циналық мекеме бір мезгілде 100 адамға дейін қабылдай алады, 25 төсек­тік күндізгі стационар меди­циналық керек-жарақпен толық жаб­дықталған.

Қарқаралы ауданының әкімі Эльдар Дүйсетаев халықтың әл-ауқатын жақ­сар­ту мақсатындағы жұмыстардың алдағы уақытта да жалғасын табатынын айтады.

 

Қарағанды облысы,
Қарқаралы ауданы