Аймақтар • 07 Шілде, 2020

Түркістан облысында 150-ге жуық қару сатып алынды

480 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысының полицейлері тіркелмеген қаруды сатып алу акциясы аясында 150-ге жуық қару тәркіленді, деп хабарлайды Egemen.kz

Түркістан облысында 150-ге жуық қару сатып алынды

Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты көптеген іс-шара онлайн-форматта өткізіледі. Олардың бірі − заңсыз айналымдағы қаруды сатып алу акциясы.

Созақ ауданының тұрғыны Мақұлбек Серікұлы 12 калибрлі тегіс ұңғылы аңшы мылтығын өз еркімен тапсырған. Ал Жетісу ауданының тұрғыны Мағауя ерікті түрде екі тегіс ұңғылы аңшы мылтығын берген. Қазіргі уақытта қару сараптамаға жіберілді, кейін азаматтарға ақшалай сыйақы төлеу туралы шешім қабылданады.

Қару-жарақ заттарын өз еркімен тапсырған азаматтарға сыйақы төлеу, олар көрсеткен шоттарға ақшалай қаражатты есептеу жолымен жүзеге асырылатын болады. Бұдан басқа, тіркелмеген атыс қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады.

Полиция қызметкерлері қару-жарақ заттарын өз еркімен тапсырғаны үшін мемлекет қарудың әрбір бірлігі үшін тиісті төлем қарастырғанын еске салады. Сондай-ақ, тіркелмеген қаруды өз еркімен тапсырғысы келген азаматтар полиция учаскесіне бармай-ақ, 8-778-991-66-66, 8-775-287-16-37 немесе "102" телефондары арқылы хабарласа алады.

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50