Қазір халықты мейлінше көбірек толғандыратын, тұрғындардың жанайқайына жиі түрткі болатын мәселелердің алдыңғы қатарында қоршаған ортаны қорғау саласындағы олқылықтар, көптен шешімін күткен, сондай-ақ жаңадан пайда болған экологиялық түйткілдер тұр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президенттік қызметіне ресми кіріскен алғашқы күндері Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігін құруға жедел тапсырма беруі де аталған салада қолға алынуы тиіс қыруар шаруаның бар екенін айғақтайды.

Мемлекеттің бұл бағыттағы жауапкершілігі мен мақсат-міндеттері саяси-экономикалық, мәдени-рухани, әлеуметтік салаларды дамыту, халық денсаулығын сақтау, нығайту ісіне тікелей қатысты. Сондықтан еліміздің Ата Заңында қоршаған ортаны қорғау мемлекеттің басты мақсаты екені анық жазылған.
Бүгінде халықтың экологиялық мәдениетін көтеру, демалыс орындары ретінде кеңінен танылған аумақтардағы келеңсіз көріністер қоршаған ортаны қорғау саласындағы өзекті мәселелердің бір бөлігі ретінде аталып жүр.
Еліміздегі экологиялық түйткілдерді еңсеруге қол жеткізу – мемлекетіміздің тұрақтылығы мен орнықты дамуының негізгі алғышарттарының бірі екенін жақсы білсек те саладағы себеп-салдарлары сан алуан келеңсіз көріністердің жолын кесуге асығар емеспіз немесе «одан келер пәле жоқ» дегендей мән берер түріміз жоқ.
Жалпы, экологиямызға қатысты сөз қозғалғанда бірінші кезекте ірілі-ұсақты кәсіпорындардан, түрлі өндіріс орындарынан, жылыту стансаларынан, автокөліктерден және тағы басқа көздерден шығып жатқан улы, зиянды заттардың теріс әсері жөнінде көбірек айтылады. Ал халықтың, саналы азаматтарымыздың тарапынан қоршаған ортамызға жасалып жатқан қастандық пен аярлық туралы сөзге сараңбыз. Негізінде, қазіргі таңда ақпараттық кеңістіктегі экология саласына қатысты хабарлардың сыңайына қарап отырып, қоршаған ортамыз зауыттар мен фабрикалардан, техникалық басқа да көздердің залалынан гөрі тұрғындардың күнделікті тіршілігіндегі жөнсіз іс-әрекеті, дұрысы экологиялық мәдениетінің төмендігі кесірінен көбірек зиян шегіп отырғандай әсерде қаласыз. Егер, жаңа технология көмегімен екі тараптың табиғатқа тигізіп отырған зардабын салыстыра есептеп шығарар болса, біздің әлгі әсеріміз шындыққа жақындау болуы да мүмкін.
Біздің бұлайша таусыла сөйлеуіміздің көп себептерінің бірі – басқаны былай қойғанда, еліміздің бренді саналатын, Қазақстанның ең көрікті өңірлері туралы айтылғанда алдымен ойға оралатын, мемлекетіміздегі танымал демалыс орындарының алдыңғы қатарында тұрған, туристерді көптеп тартуға мүмкіндік беретін бірегей аймақтардағы өрескелдік. Көрікті жерлеріміздің өзінде көңілсіз көрініс белең алып отырғанда, басқа мекендердегі жағдайлар жөнінде сөз қозғау оңай болмас.
Мәселен, жақында Сенаттың Нұртөре Жүсіп бастаған бір топ депутаты Үкімет басшысы Асқар Маминге жолдаған депутаттық сауалдарында туған жеріміздің қасиеті, оны құрметтеу, қорғау азаматтық борыш, елдік парыз екенін айта келіп: «Бурабайға барғанда біз не көреміз? Қаптаған қоқыс... Шашылған заттар... Пластикалық бөтелке, умаждалған пакеттер... Көлдің суы лас... Қандай керемет демалыс аймағы! Қадірін неге білмейміз? Тек қана Бурабай емес, Қазақстанның кез келген өңіріне барсаңыз – не көп, қоқыс көп. Тастайтын да өзіміз, ластайтын да өзіміз! Бұл неден? Туған табиғатымызды аялап күте алмайтындай басымызға не күн туды?» деген сұрақты көлденең тартты. Талайдың көкейінде жүрген сұрақ. Бұл тек Үкіметке ғана емес, Қазақстанның әрбір азаматына қойылып отырған сауал екенін ұғуымыз керек.
Қазақ туған жерін, оның тамылжыған табиғатын анаға балаған. Ендеше, неге біз өз анамызға өгейлік көрсетеміз?.. Бізге ата-бабаларымыз табиғатты аялаудың, оны қастерлеудің салты мен ғұрпын мирас ретінде қалдырып, оның маңыздылығын барынша түсіндіріп кеткен. Сондықтан табиғатты қорғау жөнінде өзгеден ақыл сұрар жайымыз жоқ. Бірақ бір өкініштісі, ниетімізді бұзып алғанбыз. Ал бұзылған пиғылымызды жақын арада жайшылықпен түзей алмасақ, онда осы бағытта ішкі істер саласы қызметін жандандыру, қоршаған ортаны қорғау бойынша тиісті мемлекеттік мекемелердің іс-қимылын арттыру, осы жұмыстың әдіс-тәсілдерін жетілдіру керек. Сонымен бірге табиғатты қорғау полициясының беделін арттырып, олардың қызметін жандандыруға басымдық берілсе, қанеки.
Табиғат – біздің анамыз! Олай болса, оған жәбір көрсетушінің жазасы қатаң болуы тиіс. Сонда ғана мәжбүрлі түрде болса да қоршаған ортаға деген дұрыс ниетіміз қалыптасады. Жақсылыққа бет бұруға заңмен мәжбүрлеу әрекетін ешкім жөнсіз деп айта алмайды.
Ұрпақ өрбіту – ұлт алдындағы парыз
Қоғам • Кеше
Өнер • Кеше
Руханият • Кеше
Спорт • Бүгін, 06:55
Спорт • Бүгін, 06:52
Спорт • Бүгін, 06:51
Балалар кітапханасы жаңартылды
Әдебиет • Бүгін, 06:50
Аймақтар • Бүгін, 06:48
Спорт • Бүгін, 06:47
Спорт • Бүгін, 06:46
Спорт • Бүгін, 06:44
Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу бабымен қылмыстық іс қозғалды
Аймақтар • Бүгін, 06:43
Әдебиет • Бүгін, 06:38
Руханият • Бүгін, 06:36
Руханият • Бүгін, 06:34
Әдебиет • Бүгін, 06:33
Жамбыл мұрасы – ұлт руханиятының айнасы
Руханият • Бүгін, 06:31
Еліңді сүю – жақыныңды жақсы көруден басталады
Қоғам • Бүгін, 06:30
Айналамызға мейірім төгіп жүрейік
Қоғам • Бүгін, 06:27
Қоғам • Бүгін, 06:26
Қоғам • Бүгін, 06:17
Қиыншылық бір-бірімізді сыйлауды үйретті
Қоғам • Бүгін, 06:16
Қоғам • Бүгін, 06:14
Қоғам • Бүгін, 06:13
Әлемде баламасы жоқ бірегей театр
Театр • Бүгін, 06:11
Адамдардың татулығынан асқан құндылық жоқ
Қоғам • Бүгін, 06:10
Қоғам • Бүгін, 06:09
• Бүгін, 06:04
Қоғам • Бүгін, 05:59
Бірлік – кемел келешегіміздің кепілі
Қоғам • Бүгін, 05:57
Тәуелсіздік құрдастарының жобасы
Қоғам • Бүгін, 05:54
Заңдардың Конституцияға сәйкестігі – өзекті мәселе
Қоғам • Бүгін, 05:52
«Көңіл көңілден су ішетін» керемет күн
Қазақстан • Кеше
Елордада қазақ күресінен Қазақстан чемпионаты өтті
Спорт • Кеше
Санкт-Петерборда Жамбылдың 175 жылдығы тойланды
Руханият • Кеше
Қос боксшымыз Украинада топ жарды
Бокс • Кеше
Оралда ер адам газдан уланып көз жұмды
Аймақтар • Кеше
Алматы облысында кәсіпкер түрмеге 32 телефон өткізбек болған
Аймақтар • Кеше
Атырау облысында есірткіні заңсыз сатқан ер адам ұсталды
Аймақтар • Кеше
Алматының Алмалы ауданында өрт болды
Аймақтар • Кеше
Түркістандағы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды
Аймақтар • Кеше
АҚШ жаңа вакцинаның қолданысына рұқсат берді
Әлем • Кеше
Ауа райына байланысты жабық тұрған трассалар туралы мәлімет
Қазақстан • Кеше
«Мен мұндай полицияны еш жерден көрмедім...»
Аймақтар • Кеше
Облыстық ассамблея алғыс гимнін шырқады
Аймақтар • Кеше
Нұр-Сұлтан қаласы «қызыл» аймаққа енді
Елорда • Кеше
Қазақстандықтар депозит бойынша қай банкке көп сенім артады?
Экономика • Кеше
Әуе компанияларының табысы құлдырады
Экономика • Кеше
Қыстың соңғы күніне арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Кеше
Коронавирус: Бір тәулікте 2 адам қайтыс болды
Коронавирус • Кеше
Алматыда автобус пен бірнеше жеңіл көлік соқтығысты
Оқиға • 27 Ақпан, 2021
Түркістандағы оқиға: Арнайы комиссия құрылды
Оқиға • 27 Ақпан, 2021
Түркістан облысында бір отбасының бес мүшесі иіс тиіп қайтыс болды
Оқиға • 27 Ақпан, 2021
Көне мұралар цифрлық форматта жаңа тыныс ашуда
Өнер • 27 Ақпан, 2021
ШҚО-да қару сақтау тәртібін бұзған 6 мекемеге айыппұл салынды
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
Пробация қызметінде есепте тұрғандар қоғамдық жұмысқа тартылды
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
Алматыда құрылысшылар құқын қорғауға арналған кеңес өтті
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
Павлодар облысында халық саны азайған
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
Жапония келесі айдан бастап Олимпиада спортшылары үшін шекараны ашуы мүмкін
Әлем • 27 Ақпан, 2021
Қырғызстан Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді
Саясат • 27 Ақпан, 2021
ШҚО-да биыл 70 чернобыльдық санаториялық-курорттық ем алады
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
Алматыда әлеуметтік қор пәтерлерінің құны көтерілмейді
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
Александр Недовесов жұптық сында Нұр-Сұлтан турнирінің жеңімпазы атанды
Спорт • 27 Ақпан, 2021
Ақтөбе облысының Алға ауданына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • 27 Ақпан, 2021
Ұқсас жаңалықтар