Медицина • 08 Шілде, 2020

Індет, індетпен күрес – міндет!

278 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін

Маңғыстау облысы бойынша коронавирустық инфекцияға және вирустық пневмонияға қатысты жағдай күрделі. Қазіргі таңда коронавирус инфекция­сын жұқтырған ресми 1217 адам тіркелсе, симптомсыз 720 адам тіркеліп отыр, 678 адам емделіп шыққандар санатында.

Індет, індетпен күрес – міндет!

«Жау жағадан алғанда, бөрі етек­тен тартады» дегендей,­ облыс көлемінде пневмония
ауруы кең таралуда. Бүгінгі таң­да 1000-нан­­ аса науқас ем алып жа­тыр, оның ішін­де 60 адам ауыр жағдайда, 35 адам өте ауыр хәл­де. Күніне орташа есеп­пен пневмония ауруы бойынша 300-ге жуық адам шағымданып, соның ішінде 200-ге жуық адам ауруханаға жат­қызылуда. Алай­да Маңғыстау облыс­тық қоғамдық коммуникация қызметі орталығы таратқан мәліметке сай, соңғы күндері науқастар санының төмендеуі байқалуда.

 

Індетке қарсы іс-шара қай деңгейде?

Жалпы, денсаулық сақтау ұйым­дарында барлығы 1667 төсек-орын дайындалды. Со­ның ішінде, инфекциялық ста­­цио­нарда 230 төсек-орын, про­визорлық стационарда 1047 тө­сек-орын және карантиндік ста­ционарда 390 төсек-орын жасақталды. Бүгінде олардың сыйымдылығы 74%-ды құрап отыр. Сонымен бірге облыс бо­­­йынша қосымша 300 төсек-орын­ға провизорлық стационар дайындалды. Облыстық перинаталдық орталықта – 25 төсек-орын, Жа­ңа­өзен қаласында – 70 төсек-орын, Түпқараған ауда­­нында – 20 төсек-орын, Маң­ғыс­тау ауданында – 35 тө­сек-орын, Қарақия ауданында – 40 төсек-орын, Мұнайлы ауда­­нын­да – 40 төсек-орын, «Ар­хи­мед» денсаулық сақтау орта­лығында жүкті әйелдерге арналған – 100 төсек-орын жұ­мыс істей бастады. Маңғыстау облыстық ауруханасының 5 және 6-қабаттарына жөндеу жұмыстары апта соңында аяқ­талып, провизорға 150 орын қо­сымша қосылатын болады, резервте Ақтау қаласындағы теннис орталығында қосымша 150 төсек-орын дайын тұр.

Ал ауырған жанға қажетті құрал-жабдықтарға келер болсақ, облыста 122 бірлік өкпені жасанды жеделдету аппараты бар, оның ішінде 53 аппарат індет жұқтырған науқастарды емдеуге жұмылдырылған. Қосымша «МаңғыстауМұнайГаз» АҚ – 20 аппарат, «NCOC» компаниясы – 12 аппарат, «Қаражанбас» АҚ – 30 оттегі концентраторларын сатып алуға демеушілік көрсетті. Рес­публикалық бюджет есебінен 40 аппарат алынса, жергілікті бюджеттен қосымша 30 бірлік оттегі концентраторлары сатып алынуда.

Індеттің өршуіне байланыс­ты аталған аппараттардың же­тіспеушілігі бүкіл әлемде бай­қалуда. Сондықтан мәселені ше­­шу үшін мүмкіндіктер қарас­ты­ры­лып жатыр.

Қиын кезде медицинаға, ха­лыққа атымтай азаматтар қолұшын созуда. Құрылысшылар С.Мұ­са­баев, А.Жолдыбаев, Б.Оң­да­сы­нов, Ж.Әділбеков, И.Би­мырзаев, Н.Күншығаров, С.Мұ­­ңалбаев, А.Керелбаев об­лысқа 25 дана оттегі кон­центраторын, Маңғыстау ауданына 15 дана «Боброва» аппаратын алдырып жатса, «Форте» банктің Маңғыстау облыстық филиалы директоры А.Өрісбаев 4 дана от­тегі концентраторына қолдау көр­сетуде.

Ал «NCOC» компаниясы қосымша 8 дана өкпені жасанды жеделдету аппараттарын алуға, 200 дана көпфункциялы меди­циналық кереует, 50 дана оттегі концентраторын, 1 мың дана көп пайдаланылатын ме­дициналық костюм мен 10 мың дана бір реттік медициналық кос­тюм­дерді сатып алуға қолдау білдіруде.

Ізгі шарадан «Маңғыстау­МұнайГаз» АҚ тыс қал­ған жоқ. Олар 1 дана КТ аппаратын сатып алуға қолдау білдірсе, «Ерсай» компаниясы медициналық құрал- жабдықтармен қамтамасыз етуге, қосымша «Олимп» лабо­раториясының жөндеу жұмыс­тарына қаржылай демеу­шілік көр­сетуге және оны 10 мың ПТР-тест­пен қамтамасыз етуге келісім берді.

 

Жедел жәрдем дәрмені қандай?

Жедел жәрдем қызметі індет басталысымен белсенді қызмет көрсетуге тырысты. Атал­ған ме­ке­меде қызмет ететін дәрігер­лер­дің еңбегі – майданда алғы шеп­те жүрген сарбаздармен бір­дей болды деуге болады. Алай­да қамсауы кеткен, ғимараты бол­­мағандықтан бүгінге дейін «үй жалдап» өлмешінің күнін көріп жүрген, көліктерінің сауынан бұзылғаны көп мекеме біразға дейін «арығын білдірген жоқ». Бірақ індет күшейген шақта олар­дың да ісі қожырай бастады. Же­дел жәрдем қызметі үлгермей, ша­қы­­рулардан бас көтере алмай сас­ты.

Құзырлы орындардың мә­лімет­теріне сүйенсек, қазір облыс бойынша жедел жәрдемнің 45 бригадасы тынбай еңбек етуде. Ақтау қаласында күндізгі уақытта 12 бригада, түнгі мез­гілде 14 бригада қызмет көрсе­теді. Бүгінде же­дел жәрдем бри­гада­ларына көп күш түсуде. Облыс бойынша соңғы күні 783 шақыру түскен, соның ішінде 292 шақыру Ақтау қаласы бойынша екен. Алдыңғы аптада ең көп яғни, 1 мыңнан астам шақыру түскен.

Бұл бағытта, жедел жәрдем бригадаларын қолдау үшін об­лыстық жедел жәрдем балансы­на демеушілер көмегімен 6 бірлік санитарлық автомашина табыс­талды.

Облыс әкімдігі жанында ашыл­ған Call-орталыққа күн­­делікті орта есеппен облыс тұрғындарынан 100-ден ас­­­там қоңырау түседі десек, не­гіз­гі сұрақтар дәрі-дәрмек мә­селесі, аурудың симптомдары ту­ра­­лы және карантиндік шектеу шаралары жөнінде.

Барлық өңірдегі сынды Маң­ғыстау облысында дәріханаларда дәрі-дәрмектің жетіспеушілігі өте өзекті. Ақтау қаласында дәрі-дәр­мектерді тасымалдау­мен «Медсервис» ЖШС, «Эмити» ЖШС, «Іңкәр» ЖШС және «Ада-фарм» ЖШС сынды 4 мекеме айналысуда. Қазіргі таңда «Іңкәр» және «Медсервис» меке­мелеріне дәрілер келіп, дәрі­ханаларға жеткізілуде. Ал «Ада-фарм» ЖШС өзінің 22 апте­касын қамтамасыз етуде. Жақын уақыт­тарда «Медсервис» ЖШС және «Эмити» ЖШС өңірге қажетті дәрі-дәрмектерді жеткізетін болады. Осы­ған орай алдағы аптаның ортасында облыстағы дәрі-дәрмектердің қажеттілігі қанағаттандырылуы тиіс. Қазіргі таңда Ақтау қала­сын­да антибиотиктер 18 атауда, вирусқа қарсы препараттар 9 атауда, қызу түсіретін дәрілер 17 атауда бар.

Дәрі-дәрмек мәселесін шешу үшін Маңғыстау облысының әкімдігі, облыстық провизор­лар мен фармацевтер қауым­дастығы және тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті арасында дәрілік заттарға қажеттіліктің өсуіне қа­тысты мәселелер бойынша ын­тымақтастық туралы меморандум жасақталды.

Соңғы күндері өңірдегі күр­делі эпидемиялық ахуалға байланыс­ты медици­налық қызметтер мен про­цедуралық кабинеттер­ге сұраныс артуда. Қалалар мен аудандардағы бірқатар мектеп­тің ішінде орналасқан егу бөлме­лері халыққа медициналық қыз­мет көрсету жұмыстарына жұмыл­дырылып, мектептердің егу кабинеттерінде кәсіби білікті мейір­бикелер толыққанды меди­ци­налық ем-шараларын жасамақ.

 

Дәрігерлер десанты келеді

Маңғыстауда медициналық ма­ман­дардың жұмыс көлемі артып отыр. Сондықтан өңірде медици­на мамандарының жетіс­пеушілігі бай­қалуда. Атап айт­қанда, өңірде реаниматологтар, инфекционистер, терапев­тер және жалпыпрактика дәрі­герлері тапшы. Аталған мамандарды өңірге алдыру бо­йын­ша жұмыстар жүргізіліп, Алматы, Мәскеу қалаларынан жоғары білікті мамандар ша­қыртылуда. Алдағы уақытта қо­­сым­ша мамандар өңіріміздің дәрі­гер­леріне қолдау көрсететін болады. Сондай-ақ қиын кезде волонтерлердің қызметі аса маңызды. Қазіргі таңда, про­визор­лық орталықтарда 30-ға жуық волонтер қызмет етуде. Олар­дың ішінде, облыстық волонтерлер корпусының жастары, «Мейірбике» және «Меридиан» медициналық колледжінің сту­дент­тері, сонымен бірге қа­лып­тасқан жағдайға бейжай қарай алмаған бірқатар азамат бар.

Байқағанымыздай, індетпен күресте қол қусырып қарап отыр­ған ешкім жоқ. Демек, жұ­дырықтай жұмылған жұртты көріп, індеттің аяғын тартатын күн де алыс емес.

 

Маңғыстау облысы