Руханият • 08 Шілде, 2020

Ұлт аспабы ұлықталды

220 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бәйтерек ауда­нына қарасты Янайкин ауылындағы Мә­де­ниет үйінің алдына «Дом­быра» мүсіні орнатылды.

Ұлт аспабы ұлықталды

Ұлттық домбыра күніне орай орнатыл­ған бұл кешенді жасаған – Үлкен Шаған мек­тебінің мұғалімі, жас шебер Руслан Ахме­тов. Қасиетті шаңырақ аясында тұрған домбыра бейнесінің астындағы тақтай­шада ақын Қадыр Мырза Әлінің әйгілі:
«Екі ішектің бірін қатты,
бірін сәл-сәл кем бұра.
Нағыз қазақ – қазақ емес,
Нағыз қазақ – Домбыра!» – деген жыр жолдары жазылған. Ауылдың сә­нін кел­тірген бұл кешеннің қар­жысын жер­гілікті кәсіпкер­лер, «Дүйсен» және «Өтеп» ша­руа қожалықтары көтеріп алып­ты.

«Рухани жаңғыру» бағ­дар­ламасы аясында бой кө­терген композицияны ауыл ақ­сақалы, ардагер Хай­руш Отарбаев пен жас дом­бы­ра­шы Нұрлыбек Мұға­лімов ашты. Хайруш ағай ұл­­ты­мыздың ұлы ас­пабы, му­зыкалық мұрасы туралы сөз қозғаса, Нұрлыбек қос ішекке тіл бітіріп, күй тарт­ты.

– Қазақ пен домбыра – егіз ұғым ғой. Ұлттың үніне айналған қасиетті аспабымыз ауыл төрінен орын алғанына қуа­ныш­тымыз. Осы ескерткішті орнатуға қолдау көрсеткен ауыл кәсіпкерлеріне аудан әкімі атынан алғыс білдіремін, – деді осы салтанатқа арнайы келген Бәйтерек аудан­дық ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұржан Дүзбатыр.

 

Батыс Қазақстан облысы