Футбол • 08 Шілде, 2020

Черногориямен ойнайды

11 рет көрсетілді

Футболдан Черногория ұлттық құрамасы күз мезгілінде Қазақ­станмен жолдастық кездесу өткізуге ниетті. Бұл туралы Черногория футбол одағының ресми сайты хабарлады.

Алдын ала болжам бойынша, жолдастық кездесу 11 қарашада Подгорицада өтеді деп жоспарланған. Жалпы, бүгінге дейін Қазақстан мен Черногория құрамалары жасыл алаңда үш рет кездесіп, үшеуінде де қаратаулықтар жеңіске жеткен. Екі ел құрамасының алғашқы таныстығы 2008 жылы басталған. Сол жылдың 27 мамырында Подгорицада өткен жолдастық кездесуде алаң иелері 3:0 есебімен басым түскен-ді.

Екі ел футболшылары сондай-ақ 2018 жылы Ресейде ұйымдастырылған әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде бір топта өнер көрсетті. Сырт алаңда өткен алғашқы матчта Черногория 5:0 есебімен жеңіске жетсе, 2017 жылы елордада өткен бәсекеде тағы да жеңілдік. Бұл жолғы есеп – 3:0. Бар-жоғы 600 мыңдай халқы бар шағын ғана елдің аяқдопшыларынан осылайша ірі есептермен ұтылып жатырмыз.

Айта кетерлігі, Ұлттар лигасы қыркүйек айында басталуы тиіс. Аталған додада Қазақстан С дивизионында Албания, Беларусь және Литвамен ойнайды.

Соңғы жаңалықтар

Жамбыл жылы жырлайды

Руханият • Кеше

Жұптық сында топ жарды

Спорт • Бүгін, 06:55

Алты медальмен оралды

Спорт • Бүгін, 06:52

«Металлургпен» бақ сынайды

Спорт • Бүгін, 06:51

Алғыс гимні шырқалды

Аймақтар • Бүгін, 06:48

Жас балуандар белдесуі

Спорт • Бүгін, 06:46

Қысқы триатлон жарысы өтті

Спорт • Бүгін, 06:44

Кітап-адамдар

Әдебиет • Бүгін, 06:38

Ректор эталоны

Руханият • Бүгін, 06:36

Өзгеге ұқсамайтын өмір

Руханият • Бүгін, 06:34

Абыз ақынды Анадолы ұлықтады

Әдебиет • Бүгін, 06:33

Көңілі дархан халық

Қоғам • Бүгін, 06:17

Жүрегіміз – Қазақстанда

Қоғам • Бүгін, 06:14

Бойымда қазақылық бар

Қоғам • Бүгін, 06:13

Бұл нағыз рухани камертон

Қоғам • Бүгін, 06:09

Аллаға шүкір еткеніміз...

Қоғам • Бүгін, 05:59

Ұқсас жаңалықтар