Әлем • 08 Шілде, 2020

Сауд Арабия қажылыққа келгендерге Қағбаны ұстауға тыйым салды

634 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сауд Арабия билігі пандемияға байланысты алдағы қажылық кезінде қажыларға Қағбаны ұстауға тыйым салады, деп хабарлайды Egemen.kz

Сауд Арабия қажылыққа келгендерге Қағбаны ұстауға тыйым салды

Биыл қажылық 28 шілде мен 2 тамыз аралығында белгіленген.

"Қағбаны ұстауға және оны сүюге тыйым салынады", – делінген Қажылық және умра істері министрлігінің хабарламасында. Сондай-ақ билік өкілдері тасқа жақындамаудың алдын алу үшін арнайы кедергілер орнататынын мәлімдеді.

Жергілікті басылым Аш-Шарк әл-Аусат: "Әрбір жоралғыға қатысу барысында тек 50 адамнан шоғырлана алады. Әрқайсысына жеке қолғап пен бетперде киюмен қатар, арақашықтық 1,5 метр аспауы міндеттелді", дейді.

Арарат төбесіндегі шатырлар арасындағы қашықтық та 1,5 метрден кем болмауы тиіс. Меккеде орналасқан қасиетті Зәмзам бұлағының көзіндегі суды да тек бір реттік ыдыста ғана береді.

Алдыңғы ақпараттарда Сауд Арабия билігі осы жылғы қажылықтың шетелден келетін қажылардың қатысуынсыз өтетінін жариялаған еді. Жыл сайын кемінде екі миллион қатыса алатын қажылардың саны биыл он мыңға дейін азайды.