Қазақстан • 08 Шілде, 2020

Қазақстанда 460 кәсіпорын 18,3 мың қызметкерге жалақысын бермеген

344 рет көрсетілді

2020 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 460 кәсіпорнында 18,3 мың жұмыскердің алдында жалақы бойынша 1,9 млрд. теңгеден астам қарызы бар екенін анықтады. Бұл туралы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады, - деп жазады Egemen.kz

Қазақстанда 460 кәсіпорын 18,3 мың қызметкерге жалақысын бермеген

Аталған кәсіпорындардың жетекшілеріне орындауға міндетті 315 ұйғарым беріліп, 41,5 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Қабылданған шаралар, оның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 17 мыңнан астам қызметкердің құқықтары қорғалды. Оларға 1,78 млрд. теңге төленді.

Жалпы, ағымдағы жылғы қаңтар-маусым айларында мемлекеттік еңбек инспекторлары 1,9 мың тексеру жүргізіп, 3 мың ҚР еңбек заңнамасын бұзу фактілерін анықтады және 91,8 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.

Соңғы жаңалықтар

Ынтымақтастық форумы

Аймақтар • Кеше

Апаттың алдын алу

Аймақтар • Кеше

Өмірінің өзі миф...

Тағзым • Кеше

Жарықшақтар 3

Әдебиет • Кеше

«Хат қоржын»

Егемен Қазақстан • Кеше

Бірқазан бағып отыр

Аймақтар • Кеше

Ұлытаудағы «Ұлар»

Аймақтар • Кеше