Аймақтар • 08 Шілде, 2020

Мұрат Әйтенов эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға барын салуда

421 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Соңғы аптада Шымкент қаласында ЖРВИ-мен қатар (ОРВИ) пневмония індеті асқынып кетті. Салдарынан шаһардағы ауруханаларда  науқастар шамадан тыс артты. Ал, дәріханаларда дәрі-дәрмек тапшылығы орын алды. Жанына шипа іздеген тұрғындар үлкенді-кішілі дәріхана алдында ұзан-сонар кезекке тұрды.

Міне осы төтенше жағдай кезінде бағаның күрт өсіп кетуінің алдын алу мақсатында қала әкімі Мұрат Әйтеновтың төрағалығымен шұғыл топ құрылды. Әрі Шымкенттегі дәрі-дәрмек бағасының тұрақтылығын бақылауға көшті. Арнайы топ бірқатар дәрі дүкендерінің бағаны заңсыз көтергендігін анықтап, тиісті шара көрді. Атқарылған жұмыстар туралы қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы тікелей эфир арқылы тұрғындарға есеп берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мұрат Әйтенов эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға барын салуда

Естеріңізге салар болсақ, дәл бүгінгі жағдай бойынша қалада коронавирус жұқтырған 3 596 азамат тіркеліп, 2097 науқас емделіп шықты.

"Ағымдағы жылдың 1 маусымында 867 коронавирус жұқтырған азамат тіркелсе, ағымдағы жылдың 1-ші маусымынан 7-ші шілде аралығында 2729 жағдай тіркелді. 
Яғни, науқастар саны күрт артты", деді Мұрат Әйтенов.

Жылдың бірінші маусымында жұқпалы ауруханаларда төсек орын қоры 490 болған. Ал, маусым айының соңына дейін қосымша 160 төсек орын ұйымдастырылып, нәтижесінде төсек орын қоры 650-ге жетті. Онда 1 маусым мен 7 шілде аралығында 1640 науқас жатқызылды. Оның ішінде 1276 коронавирус жұқтырғандар.

Шымкентте елімізде алғаш болып пневмония мен жрви ауырғандарға 633 төсек-орын ұйымдастырылды. Бұл жөнінде баспасөз мәслихатында Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов мәлімдеді.

Шымкент қаласында республикада алғашқылардың бірі болып, ағымдағы жылдың 25-ші маусымында 51 емханаларда ЖРВИ-мен пневмониямен ауырған науқастарға 633 төсек орын ұйымдастырылды.

1

Оның ішінде 319-ы мемлекеттік бірінші медико-санитарлық көмек ұйымдарында, 314-і жеке ұйымдарда ашылды. Күніне орта есеппен 2000 науқас қамтылуда. Бүгінгі күні 2753 науқас емделіп шыққан. 

250 "бобров" тыныс алу аппараты мен 10 монитор... 

Қала әкімінің айтуынша шаһардағы медициналық қажетті техникалар қоры жеткілікті. Осыған орай ауруханаларды материалдық құрал-жабдықтармен қамту ісі де қолға алынды. Аса қажет деген құралдар кезең-кезең кезеңімен жеткізілуде.

«Қалада медициналық мекемелерде 323 ИВЛ аппараттары бар, оның 130 портативті аппарат. Сонымен қатар, 250 «Бобров» тыныс алу аппараттары және 10 монитор алынды», деді баспасөз мәслихатында қала әкімі Мұрат Әйтенов.

Қазіргі таңда 6 ауруханада арнайы кислород станциялары орнатылуда.
Қалалық әкімдіктің резервінен коронавирсқа қарсы шараларға 1,8 млрд. теңге бөлінді. Оның 854 млн.теңгесі материалдық-техникалық базаны күшейтуге бағытталған.

21 ИВЛ аппараттары алынып, жақын арада қойылатын болады. Одан бөлек, қалалық бюджетті оңтайландыру жұмыстары жүргізілуде, қосымша ИВЛ, басқа да құрал-жабдықтар, дәрі-дәрмектер сатып алуға 5 млрд.теңге қаржы бағыттау жоспарланды.

Сонымен қатар медицина саласының қызметкерлерін қолдау шаралары Медицина қызметкерлерінің КВИ-мен ауырған 569 жағдайы тіркелген. Оның 129-ы Түркістан облысының медицина қызметкерлері (дәрігер 143, медбике 258, басқа персонал 128).          Жалпы жағдайдан үлесі 15,8 пайыз.   

2

Медицина қызметкерлерін қолдау мақсатында 2 764 медицина қызметкерлеріне 780 млн.теңге еңбек ақыларына үстемеақы төленді.

Сонымен бірге, халық қоры және демеушілердің есебінен 935 медиицна қызметкерлеріне 42,4 млн.теңгеге материалдық көмек көрсетілді.

336 науқастармен тығыз байланыста жұқпалы ауруханалар медицина қызметкерлерін қонақ үйлерде тұру, тамақ беру, жұмысқа қатынауы ұйымдастырылды.

Мұрат Әйтенов эпидемиологиялық жағдайға байланысты ағымдағы жылдың 1-ші шілдесінен бастап, 20-шы шілдесіне дейін қалада қайтадан карантин шаралары енгізілгенін атап өтті.

Барша шымкенттіктерді бұл шектеу шараларына түсіністікпен қарап, осындай қиын кезеңде дүрбелеңге салынбай, сақтық шараларын қатаң ұстануға шақырды. 

Заңсыз дәрі-дәрмек сақтағандар жауапка тартылады 

Бүгінде қалада 10 ірі көтерме дәрі-дәрмек және медициналық құрал-жабдық жеткізіп беруші мекемелер жұмыс істеуде. Бұл туралы аталған брифингте Мұрат Әйтенов айтып өтті.

"Тіркелген 730 дәріхананың 560 жұмыс істейді. Бүгінгі күні қалада бір айлық дәрі-дәрмек қоры бар, оның ішінде дене қызуын төмендететін 115 843 препарат 136 352 вирусқа қарсы препараттар 133 040 антибиотиктер. 44 253 қорап «С витаминдері» бар. Шымкент қаласының тауарлар мен көрсетілген қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау Департаменттің аудандық Басқармаларымен бірлесіп, 4 мониторингтік топ құрылылған. Мониторинг барысында бағасын негізсіз өсірген жағдайда әкімшілік шаралары көрсетілетіні ескертілді. Дәріханада жоқ дәрілердің орнына баламаларын ұсыну да ескертілген", деді Мұрат Дүйсенбекұлы.

3

Сонымен қатар полиция департаментінің тарапынан Шымкент қаласы Әлімқұлов көшесінен заңсыз дәрі дәрмек және медициналық құралдарын сақтау жағдайы анықталды. Аталған жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалған. 

Пневмониядан жазылып шыққандардың қатары көп 

Осы жылдың маусым айының басынан бері ЖРВИ-мен (ОРВИ) пневмониямен ауырғандар бойынша Шымкент қаласында 3 провизорлық стационарда 320 төсек орын ашылған болатын. Ал, 15-30 маусым аралығында 23 провизорлық стационарда 2 960 төсек орын ұйымдастырылған.

Бүгінгі таңда 26 мемлекеттік және жеке нысандарда 3010 провизорлық төсек орын жұмыс істеп тұр.

"Бірнші маусымнан бастап 6340 пневмониямен сырқаттанушылық тіркелді. Оның 6060 немесе 95,6 пайызы аурухана жатқызылды. Бүгінгі күні 60 пайызы немесе 3639 науқас емделіп шықты", дейді қазіргі жағдайға тоқталған қала әкімі.

Айта кетерлігі, Шымкентте осы жылдың 1 маусымынан бастап ЖРВИ мен сырқаттану бойынша 11 891 жағдай тіркелген. Оның ішінде 535-ы ауруханаға жатқызылып, 460 науқас емделіп шыққан.

Шымкент