
Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалық етуімен өткен лездемелік мәжіліс отырысында мәлім етілді. Жиында облыс аумағында коронавирустық инфекциясы бойынша атқарылған жұмыстар туралы айтылды. Індеттен 33 өлім жағдайы тіркелген, оның ішінде 24 жағдай негізгі COVID -19 коронавирусты инфекция диагнозымен және 9 жағдай коронавирустық инфекция ілеспе диагнозын құрайды. Облыс әкімі өңірде қатаң карантиндік шектеу іс-шаралары 5 шілдеден бастап 20 шілде аралығында енгізілгенін ескертті. Осыған орай, барлық аудан, қала әкімдері, басқарма басшылары мен тиісті мемлекеттік органдар шектеу шараларына сәйкес жұмыс атқарулары қажет.