Әлем • 08 Шілде, 2020

Үндістан коронавирус жұқтырудан Ресейді артта қалдырды

616 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үндістан Covid-19-ды жұқтырудан Ресейді басып озып, әлемде АҚШ пен Бразилиядан кейінгі үшінші орынға шықты, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Үндістан коронавирус жұқтырудан Ресейді артта қалдырды

Елде 700 мыңға жуық адамнан вирус табылып, әйгілі Тәж-Махал мавзолейін ашу жоспары кейінге қалдырылып отыр. Ескеретін жайт, Үндістанда коронавируспен науқастанып қайтыс болғандар саны 20 мыңға жақындап қалды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының айтуынша, инфекцияға қарсы дәрілер сынағының алғашқы нәтижесі екі аптада белгілі болады.

АҚШ-та да ахуал мүшкіл. Елдің 20 шақты штатында пандемия қайта өршіп отыр. Олардың қатарында Флорида, Калифорния, Техас сияқты ірі штаттар бар. Техаста  науқастарға орын жетпей жатыр. Калифорнияда соңғы екі аптада вируспен госпитальге түскендер саны 50 пайызға көбейген.