Аймақтар • 08 Шілде, 2020

Атырауға 430 түрлі дәрі-дәрмек жеткізілді

720 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлеуметтік тұрмысы төмен топқа жататын тұрғындар  қолдаудан  кенде болған емес.  Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің мәліметінше, енді оларға дәрі-дәрмектерді тарату көзделіп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауға 430 түрлі дәрі-дәрмек жеткізілді

Қазір өңірдегі  314 дәріхананың  223-і Атырау қаласында тұтынушыға қызмет көрсетеді. Соңғы аптадағы дәрі-дәрмек тапшылығы мәселесін шешу үшін "СК-Фармация" арқылы стационарларға және медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарына бірқатар медициналық препараттар әкелінуде.

"Жақында  Атырауға  220 миллион теңгені құрайтын дәрі-дәрмектердің 430 түрі шұғыл жеткізілді. Оның  ішінде  азитромицин, цефазолин, цефтриаксон сынды антибиотиктер мен ыстықты түсіретін дәрілер мен дәрумендер бар. Бұл препараттар партиясы облыс халқының сұранысын қамтамасыз етеді. Дәрі-дәрмектер қаладағы және  аудандардағы  дәріханаларға түгел таратылды. Апта соңында тағы осындай көлемде дәрі-дәрмектер жеткізіліп, қажетті дәрілердің белгілі деңгейде қоры болады. Сондай-ақ,  кәсіпкерлердің көмегімен алынатын препараттарды  әлеуметтік жағдайы төмен топтарға емханалар арқылы таратуды   ойластырып отырмыз", - деді облыс әкімі  Махамбет Досмұхамбетов.