Аймақтар • 09 Шілде, 2020

Алматыда 3096 шақырым автомобиль жолдары бар

334 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгін Алматы қалалық мобилділік басқармасының басшысының орынбасары Ернұр Абжахан мегаполистегі жол инфрақұрылымының дамуына байланысты БАҚ өкілдерімен ZOOM жүйесі арқылы ақпараттармен бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz

Алматыда 3096 шақырым автомобиль жолдары бар

Алматы қаласы бойынша автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 3096 шақырымды  құрайды, оның ішінде 2019 жылы автомобиль жолдарының 75% дұрысталған. Алматы қаласы әкімінің тапсырмасы бойынша бұл көрсеткішті 2020 жылы 80% жеткізу жоспарлануда.

Алматы қаласын дамыту жоспарына сәйкес, 2019 жылы Рысқұлов даңғылы мен Құлжа күре жолының қиылысындағы көлік жолайрығы құрылысы, сонымен қатар Сүйінбай даңғылын Б.Хмельницкий көшесінен Шолохов көшесіне дейін, Шолохов көшесінен солға бұрылу жолымен, қайта құру нысандары бойынша жұмыстар аяқталды және пайдалануға берілді.     

14 шағынауданда, 469 көшеде ұзындығы 120 шақырым жаңа жолдардың құрылысы жүргізілді. Оның ішінде 294 көше бойынша 73 шақырым жол құрылысы аяқталды.

2019 жылы 147 көшеде, ұзындығы 134,8 шақырым, орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді, бұл көше-жол торабы ұзындығының 5% құрайды. 5 көлік жолайрығының тіреуіш қабырғаларын жөндеу, оның ішінде Әуезов ауданында – 3, Медеу ауданында – 2. Бұдан басқа, 35 шақырым тротуарларды салу және жөндеу жұмыстары аяқталды.

2020 жылы 3 көлік жолайрықтарының құрылысы (Рысқұлов даңғылы - Емцов көшесі, Сейфуллин даңғылы – Жансүгіров көшесі, Бұқтырма көшесі – Құлжа күре жолы), Абай даңғылы мен Саин көшесін ұзарту жалғасуда.

2019 жылы басталған 120 шақырым жаңа жол құрылысының 47 шақырымын аяқтау, ұзындығы 200 шақырым болатын 283 көшені орташа жөндеу жұмыстары, ұзындығы 30 шақырым тротуарларды салу және жөндеу жұмыстары жоспарланған. Ағымдағы жөндеумен 300 000 м2 қаланың көше-жол торабының асфальтбетон жамылғысын жөндеу жоспарланған.

Сондай-ақ, жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында магистралды көшелердің бойында 5 жаяу жүргіншілер өткелдерін салу жұмыстары басталды.