Полиция қызметкерлері алыпсатардың көлігінен инфекциялық ауруларды емдеуге пайдаланылатын 18 түрлі 200-ден астам қаптама дәрі табылғанын мәлімдеді. Заңсыз сатылымдағы дәрілердің ішінде парацетамол, ацетилцистеин, аспирин сияқты әлеуметтік маңызға ие препараттар бар.
Аталмыш оқиғаға қатысты ҚР ҚК 214 бабының 1 бөлімінде көрсетілген "Заңсыз кәсіпкерлікпен айналысу" қылмысы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалы жүріп жатыр.
Сондай-ақ, тәртіп сақшылары облыс орталығындағы дүкендердің бірінде медициналық маска сатып тұрған 50 жастағы ер адамды ұстаған. Дәл осындай оқиға Тобыл қаласында да орын алып отыр.
"Екі оқиғаға қатысты материалдар тауарлар және көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне жіберілді", деп хабарлады ПД-нің баспасөз қызметі.
Қостанай облысы