Алматы әкімдігінің қаланы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жөніндегі үйлестірушісі Заңғар Сәлімбаевтың айтуынша, шілде айының соңына дейін мегаполиске үш миллионнан астам өмірлік маңызы бар дәрі-дәрмек жеткізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz

З.Сәлімбаевтың айтуынша, шамадан тыс сұраныс дәрі тапшылығына әкеліп отыр. Мәселен, егер өткен жылы Алматыдағы фармацевттер өткен айда шамамен 50 мың қаптама парацетамол сатса, өткен аптаның өзінде 260 мың қаптама қызуды түсіретін дәрілер сатылған. Мәселені шешу үшін Алматы қаласының әкімі Б. Сағынтаевтың тапсырмасымен өндірушілермен, жеткізушілермен, дәріханалар желісімен және мамандандырылған қауымдастықпен меморандумға қол қойылды.
"22 маусымнан бастап біз ірі жеткізушілермен, отандық өндірушілермен, дистрибьюторлармен, дәріханалар желісімен және фармацевтикалық компаниялармен белсенді жұмыс жасаудамыз. Олар келісімге қол қойды, онда ірі жеткізушілер, ресми дистрибьюторлар Алматы қаласындағы 105 дәріханаға әлеуметтік маңызы бар дәрі-дәрмектердің басым бөлігін жеткізетін болады", деп түсіндірді З.Сәлімбаев.
Жағдай Алматы әкімінің үнемі қадағалауында. Фармацевтикалық нарық қатысушылары дәрі-дәрмектер қоры туралы және әкімдік шешуге көмектесіп жатқан қиындықтар туралы жедел түрде хабарлап отыруда. Атап айтқанда, әкімшілік кедергілер жойылып, біздің нарыққа бұрын кірмеген импортталған дәрілерді жедел сертификаттау шешілуде.
З.Сәлімбаевтың айтуынша, 1 шілдеден бастап қалалық дәріханаларға 475 мың маңызды дәрі-дәрмек алынды. Оның ішінде парацетамол, аспирин, ингавирин, азитромицин және кардимагнил бар.
"Шілде айының соңына дейін мегаполиске үш миллионнан астам дәрі-дәрмек жеткізіледі. Оның ішінде 2,2 миллион қаптама парацетамол, 391 мың аспирин, 160 мың ибупрофен, 60 мың ингавирин, 99 мың азитромицин және басқа да әлеуметтік маңызы бар дәрілер. Үш рейс жеткізіледі деп күтілуде - ертең ұшақ Ресейден, 12 және 15 шілдеде Үндістаннан келеді", деп толықтырды З.Сәлімбаев.
Жауапты мамандар осылайша, дәрі-дәрмек нарығындағы жағдай толығымен тұрақтандырылады деп сендіріп отыр.
«Мың алғыс»: Қайырымдылық телемарафонында 22 миллион теңге жиналды
Қазақстан • Кеше
Биыл медициналық сақтандыруға қанша қаржы бөлінеді?
Медицина • Кеше
2020 жылы МӘМС аясында қанша күрделі операция жасалды?
Медицина • Кеше
Елбасы • Кеше
Тарих • Кеше
Спорт • Кеше
Бас театрдағы балалар студиясы
Өнер • Кеше
Алтын шынжырдың соңғы шығыршығы...
Руханият • Кеше
Қызылорда облысында карантин шаралары жеңілдетілді
Аймақтар • Кеше
Былтыр СҚО-да 7 мыңға жуық нәресте дүниеге келген
Аймақтар • Кеше
Шығыс Қазақстанда жұма намазға жиналуға рұқсат берілді
Аймақтар • Кеше
Қызылжарда анасы ұрып-соққан қыз көз жұмды
Аймақтар • Кеше
Жалға алған үйін тонап кеткен ұры ұсталды
Аймақтар • Кеше
Францияның экс-президенті түрмеге тоғытылды
Әлем • Кеше
Бес облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Түркістан облысында газ желілері жаппай тексеріледі
Аймақтар • Кеше
Тергеушілердің ұстазы ұлықталды
Аймақтар • Кеше
Алматыда этносаралық қатынастарды дамыту мәселелері талқыланды
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар