Медицина • 09 Шілде, 2020

Солтүстікте жасанды дәрі-дәрмек сатудың фактісі анықталды

267 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Петропавл қаласындағы дәріханалардың бірінің айналымынан емдік препараттардың бір мың бес жүзге жуық данасы алынды. Ол Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлерімен дәріхана мекемелеріне мониторинг жүргізу барысында анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz

Солтүстікте жасанды дәрі-дәрмек сатудың фактісі анықталды

Жасалуы күмәнді препараттардың 458 қорабы "Парацетамол" мен 83 данасы "Аспирин". Шығарылуын растайтын құжаттары жоқ болған соң осы өнімнің барлығы Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің СҚО бойынша департаментіне тапсырылды. Аталған мекеменің қызметкерлерімен заңнамамен белгіленген шаралар қабылданып, алынған өнімнің кейінгі тағдыры белгілі болады.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері және басқа да уәкілетті органдардың өкілдері дәрі-дәрмектердің бағасын негізсіз көтеру және оларды заңсыз сатуға байланысты фактілерді анықтау бойынша іс-шаралар жүргізіп жатыр. Мониторингілеу барысында СҚО Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері СҚО бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлерімен бірлесе отырып Петропавл дәріханаларының бірінде "Аспирин Кардионың" қымбат бағамен сатылып жатқанын да анықтады. Осындай факті жақында тағы бір дәріханада да анықталған болатын, онда вирусқа қарсы "Ингавирин" препаратын және "Азитромицин" антибиотигін қымбат бағамен саудалаған.

"Біздің мақсатымыз – халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Жүргізіліп жатқан профилактикалық, мониторингтік іс-шаралар, ең алдымен, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған. Дәрі-дәрмекті заңсыз сатудың барлық фактілері, сондай-ақ дәріні қымбат сату фактісі бойынша да полицияға жүгіну қажет. Барлық фактілер бойынша тексеріс жүргізіліп, тиісті шаралар қабылданады", деп атап өтті СҚО Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Марат Төлебаев.

 

Солтүстік Қазақстан облысы