Пікір • 10 Шілде, 2020

Ең бастысы – халық денсаулығы

603 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Әлем күтпеген індетпен халқымыз бетпе-бет келгенде барлық сала абдырап, тосырқап қалғаны рас. Жаһанның алдында тұрған күрмеуі қиын сынақ елді дүрліктіріп, ауыр жағдайларға алып келгені өкінішті болып отыр.

Ең бастысы – халық денсаулығы

Дегенмен ел Президенті Қ.Тоқаевтың қоғамдағы жағдайға шы­найы, ресми баға беріп, денсаулық сақтау жүйесінде жібе­рілген қателерді түзеуге байла­ныс­ты жүзеге асырылатын іс-ша­раларды ашық түрде жария­лағаны анықтаушы фактор болды.

13 шілденіні Ұлттық аза тұту күні деп белгілеу, осы індеттен қайтыс болған азаматтарымызды еске алу – адамдық борышымыз. Жақынынан айрылған әрбір отбасына қайғырып көңіл айтамын. «Адам баласына адам баласының бәрі – дос», деп ұлы Абай айтқан­дай, әлемді кесел жайлаған дүрбелең кезінде халқымызға ең бастысы сабырлылық, достық, бауырмалдық қажет. Ауыр сынақ­тан береке-бірлікпен, ын­тымақпен өтуіміз абзал.

Бұл індетпен күрес барысында кез келген нәрсеге немқұрайды, үстірт қарауға болмайтындығын уақыт анық көрсетті. Әрине, «тас түскен жеріне ауыр», ең ауыр салмақ Денсаулық сақтау министрлігіне түсетіні рас. Дегенмен медицина, дәрі-дәрмек саласындағы іс-шараларды ушықтырмай, ақыл­мен ұйымдастыра отырып қиын­дықтан шығу – бәрімізге міндет. Президент дәрі-дәрмектің баға­сын пайдакүнемдік мақсатта өсіріп, онсыз да қиын жағдайды белгілі бір мақсаттарға пайда­лануға тырысқандардың тиісті органдар тарапынан қатаң жазаланатынын айтты. Жаһандық індетпен күресуде әрекетсіздік, шарасыздық, енжарлық танытқан жауапты тұлғалардың заң тұрғы­сынан жауапкершілігі жеке қарас­тырылатынын мәлім­деді. Сындарлы сәтте ішкі бірлігімізді сақтай оты­­рып, кез келген кедергіден, қиын­­дықтан саналы сабырмен, пайым­ды парасаттылықпен өтуге бола­тындығын ұқтырды.

Халқымызға амандық тілеп, карантин шараларын қатаң сақ­тауға, ал тиісті мемлекеттік орган­дарды өз қызметіне қырағы жауап­кершілікпен қарап, халықтың жағдайын жасауға шақырамыз, себебі біздің мемлекетіміздің ең қымбат қазынасы – халқымыз!

 

Мұхтар ТӨЛЕГЕН,

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры, профессор