Аймақтар • 10 Шілде, 2020

Шарль де Голль және Сарайшық көшелері 19 шілдеге дейін жабылады

212 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көлік жүргізушілері кептеліс тудырмау үшін маршрутын алдын-ала жоспарлауы керек. Бұл туралы Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.

Шарль де Голль және Сарайшық көшелері 19 шілдеге дейін жабылады

Жол желісін орташа жөндеу аясында М2 көпір құрылымында (Амман көшесі – Мәңгілік Ел даңғылы) Шарль де Голль көшесінен Сарайшық көшесіне дейінгі учаскеде жол құрылысы жұмыстарын жүргізу жоспарланған, деп хабарлады қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы.

Осыған байланысты 10-19 шілде аралығында аталған учаскеде қозғалысты ішінара тоқтату жоспарланған. "Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін маршрутын алдын-ала жоспарлау керек. Қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарауды сұраймыз", делінген хабарламада.