Түркістан өңіріне келетін туристер үшін іске қосылған "Amazing Turkistan" мобильді қосымшасын бүгінде 70 мыңға жуық адам пайдаланады. Енді бұл көрсеткіш еселене түсері анық. Қазіргі жағдайды ескере, мобильді қосымша авторлары қала әкімдігімен бірге "Дәріхана" бөлімін қосып отыр.

Яғни түркістандықтар дәріхананың мекенжайын, дәрі-дәрмектің тізімі мен атауын, байланыс нөмірін қосымшадан таба алады. Сонда көрсетілген дәріхананы басу арқылы байланыс нөміріне өтіп, іздеген заты жөнінде мағлұмат алады. Қажетті дәрі-дәрмекке анкета толтыру арқылы сұраныс жасайды, ал ондағы азамат жайлы мәлімет 48 сағатта жойылатын жүйе де қарастырылған. Дәрі бағасының негізсіз көтерілуі сынды жағдайлар орын алған болса, "шағымдану" бөлімі арқылы арыздануға мүмкіндік бар.
Наурыз айында іске қосылған "Amazing Turkistan" қосымшасының "Дәріхана" бөлімі арқылы қаладағы 136 дәріханамен байланыс жасап, ақпарат алуға болады. Қосымша авторлары алдағы уақытта тұрғындарға аса қажет болар бөлімдермен толықтыруды көздеп отыр.
Түркістан облысы
«Мың алғыс»: Қайырымдылық телемарафонында 22 миллион теңге жиналды
Қазақстан • Кеше
Биыл медициналық сақтандыруға қанша қаржы бөлінеді?
Медицина • Кеше
2020 жылы МӘМС аясында қанша күрделі операция жасалды?
Медицина • Кеше
Елбасы • Кеше
Тарих • Кеше
Спорт • Кеше
Бас театрдағы балалар студиясы
Өнер • Кеше
Алтын шынжырдың соңғы шығыршығы...
Руханият • Кеше
Қызылорда облысында карантин шаралары жеңілдетілді
Аймақтар • Кеше
Былтыр СҚО-да 7 мыңға жуық нәресте дүниеге келген
Аймақтар • Кеше
Шығыс Қазақстанда жұма намазға жиналуға рұқсат берілді
Аймақтар • Кеше
Қызылжарда анасы ұрып-соққан қыз көз жұмды
Аймақтар • Кеше
Жалға алған үйін тонап кеткен ұры ұсталды
Аймақтар • Кеше
Францияның экс-президенті түрмеге тоғытылды
Әлем • Кеше
Бес облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Түркістан облысында газ желілері жаппай тексеріледі
Аймақтар • Кеше
Тергеушілердің ұстазы ұлықталды
Аймақтар • Кеше
Алматыда этносаралық қатынастарды дамыту мәселелері талқыланды
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар