14 Қазан, 2013

Бокс. Бүгін - әлем біріншілігі басталатын күн

402 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

box-banner

Бүгін, 14 қазан күні Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт кешенінде бокстан әлемнің ересектер арасындағы XVII чемпионаты басталады. Ол сағат 14:00-де күндізгі сессиямен өзінің шымылдығын ашады. Біз осыған орай чемпионатқа келген құрамалармен таныстыруды жалғастырамыз.Қазір тағы бірнеше құраманың құрамын ұсындық. Соның артынша тағы бір топ елдің командалары көрсетіледі. Одан кейін де біріншілікке қатысты бірқатар материалдарды жариялап тұрамыз. Сіздердің олардың бәрін газетіміздің тәулік бойына жұмыс жасайтын қосымша сайтынан (Egemennews.kz) көре аласыздар. Сондықтан ендігі жерде осы аталған сайтты оқтын-оқтын қарап тұруларыңызға болады.
Соңғы жаңалықтар