14 Қазан, 2013

Футбол. Бірінші лига. «Қайсар» - Премьер-лигада!

410 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

14-10-13-futbol-kaisar-1

Кеше, 13 қазан күні футболдан бірінші лига командалары арасында 33-тур ойындарын өткізді. Бұл тур Қызылордада өте ауыр жағдайда өткен матчта Көкшетаудың «Оқжетпесін» 1:0 етіп жеңген жергілікті «Қайсар» командасының біріншілік мәреге жетуге үш тур қалғанда Премьер-лигаға жолдама алуымен ерекшеленді. Осымен қызылордалық жасақ жоғары лигаға төртінші мәрте оралып отыр. «Қайсар» — «Оқжетпес» 1:0 (0:0) Төрешілер: Абданбаев (Тараз), Козлов (Ақтау), Ибрагимов (Шымкент). «Қайсар»: Прядкин, Алтаев, Семлер, Узденов, Пархачев, Азовский, Әлиев (Көшеков, 70), Нәрзилдаев (Хромцов, 54), Молдақараев (Алтынбеков, 85), Морец, Қуанышбеков (Тұрғанбай, 90+1). «Оқжетпес»: Багинский, Петерсон, Рыбалко, Анарметов (Бірқұрманов), Семенов (Головешкин, 46 ), Хохлов, Булешев, Джорджевич, Керімжанов, Розыбақиев, Жақсыбек (Куксин, 80). Гол: Молдақараев (75). Ескертулер: Әлиев, Семлер — Керімжанов, Семенов, Анарметов, Розыбақиев Қуылу: Бөлешев (78) Сөйтіп, Сергей Волгиннің жігіттері алға қойған мақсаттарын орындады. Ал екінші орынға Ақтаудың «Каспий» командасы қайта оралды. Рас, ендігі қалған үш турда «Каспийдің» теориялық жағынан «Қайсарға» жетіп алуына болады. Бұлардың арасындағы екі ойын та тең – 0:0, 1:1. Бірақ сыр бойының жігіттері қонақта гол соққан. Сол оларға басымдық береді. Оның үстіне қазір қарсыласынан 9 ұпай алда келе жатқан «Қайсардың» қалған үш ойында бір ұпай ала алмауы мүмкін еместей көрінеді. Ендеше, қызылордалықтарды жоғары топқа оралуымен құттықтаймыз! Дамир Қожамқұл.

 14-10-13-futbol-kaisar

Сонымен, тур нәтижелері мынадай: 33-й тур «Лашын» — «Астана-1964» 0:2 (0:0) Голдар: Исқұлов 56 (0:1), Сағындық 68 (0:2) БИИК — «Гефест» 1:3 (0:2) Голдар: Антоненко 7 (0:1), Бозиев 35-пенальти (0:2), Ходжаев 59 (0:3), Д. Исмаилов 61 (1:3) «Каспий» — «Кызыл-Жар СК» 3:0 (2:0) Голдар: Абдущеев 3-пенальти (1:0), Абдущеев 41 (2:0), Сердюков 90+4 (3:0) «Мақтаарал» — «Екібастұз» 0:2 (0:0) Голдар: Т. Әубәкіров 60 (0:1), Наак 73 (0:2) «Кыран» — «Спартак» 3:3 (2:2) Голдар: Жұмаханов 15 (1:0), Сәкенов 30 (1:1), Пурышкин 33 (1:2), Тұңғышбаев 41 (2:2), Жұмаханов 83 (3:2), Пурышкин 90+3 (3:3) «Бәйтерек» — «Сұңқар» 0:4 (0:2) Голдар: Тұрысбек 12 (0:1), Тұрысбек 26 (0:2), Көкеев 56-пенальти (0:3), Тәжмағамбетов 60 (0:4) «Болат-АМТ» — «Ақбұлақ» 1:4 (0:1) Голдар: Болатқұлов 12 (0:1), Тарасов 62-автогол (0:2), Задорожный 70 (0:3), Вороговский 72 (0:4), Тулеппов 89 (1:4) Суретте: «Қайсар» футболшылары.
Соңғы жаңалықтар