Бүгінгі таңда дәрі-дәрмек жасайтын отандық өндірісшілердің алдына жаңа міндеттер қойылды. КВИ мен вирусты пневмонияға шалдыққан науқастарды емдеу кезінде өзімізде шығарылатын препараттар түрлері мен көлемінің үлесі шектеулі екені белгілі болды. Дегенмен ауызды қу шөппен сүрте берудің де жөні жоқ секілді. Өйткені қазір елімізде індетті ауыздықтаудан туындайтын аса жауапты да күрделі міндеттерді атқару үшін қажетті дәрі-дәрмек өндірісі көлемін өсіріп отырған отандық кәсіпорындар да бар. Солардың бірі – Ақтөбе қаласындағы «ТК Фарм-Ақтөбе» ЖШС.

Дәрі-дәрмек шығаратын кәсіпорынның іске қосылу кезеңі 2014 жылдан басталады. Зауыт құрылған күннен бері халықаралық стандарттарға сәйкес өнім өндіріп келеді. Зауытта шығарылатын дәрі-дәрмек түрлері жеткілікті. Оның бәрі де мемлекет пен халықаралық өкілетті ұйымдардың берген рұқсаты бойынша жасалып, республика өңірлеріндегі шағын дәріханалар жүйесіне жөнелтіледі.
Қазіргі кезде КВИ мен пневмонияны емдеуге қажетті препараттар мен дәрілік заттарға сұраныс күрт өсіп кеткені белгілі. Осы ретте «ТК Фарм-Ақтөбе» компаниясының құрылтайшысы, әрі бас директоры Жанагүл Төреханова өзі басқаратын зауыттың дәрі-дәрмек сұранысын өтеуге үлес қосуға әлеуетті екенін айтты.
«Коронавирустың да, өкпе қабынуының да түп-төркіні бір. Екеуі де қас пен көздің арасында вирус арқылы жұғып тез таралады. Міне, бізде осындай вирусқа қарсы қолданылатын дәрілердің бірнеше түрі шығарылады. Тапсырыс берушілер оның таблетка түріндегі қорабын қалай ма, әлде сұйық түрін ыңғайлы көре ме, қай-қайсына да тиісті тапсырысқа сәйкес жасауға мүмкіндігіміз бар. Соның ішінде қазір біздің технологтардың күшімен өндіріске қосылған грипповер деп атау берілген дәрі түрі бар. Оның жөтелді басуға тигізетін әсері мол. Аталған препараттың басты құрамы өсімдік пен шөптен тұрады. Сондықтан біз оның шикізатын арнайы сертификаттары бар дәрілік шөптер жинайтын компаниялардан сатып аламыз. Оның өзі тектес өзге отандық химиялық препараттардан артықшылығы ағзаның өзге мүшелеріне кері әсерін тигізбейді. Сондай-ақ біздің компанияда өндірілетін індеттен қорғануға қажетті антисептикалық құралдар мен бірқатар медициналық бұйым бүгінде отандастарымыздың қажетіне жарап жүргенін айтқым келеді», деді Жанагүл Жәйлібекқызы.
Біз сөз етіп отырған кәсіпорынның материалдық-техникалық базасы әлемдік талаптарға сай жабдықталған. Зауыттың химиялық зертханасы бар. Мұнда кәсіби біліктілігі жоғары, өз ісінің қыры мен сырын жетік білетін технолог мамандар қызмет етеді.
Індеттің тыйылмай, одан әрі өршуінен зауыттағы дәрі-дәрмек өнімдеріне түсетін тапсырыс екі-үш есеге дейін өскен. Кәсіпорын осынау қысылтаяң шақта қаңтарылып қалмай, тапсырыстың бәрін орындауға ұмтылып бағуда. Бұл зауыттан шығарылатын препараттардың басым бөлігі дистрибьютерлік компаниялар арқылы еліміздегі шағын дәріханаларға жіберіледі. Сонымен қатар отандық өнімдер көтерме бөлшек сауда орталықтарына да жөнелтіліп жатыр.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Үндеуінде КВИ-ді емдеуді одан әрі жетілдіру жөнінде бірнеше міндетті атап көрсеткені белгілі. Соның ең бастысы отандық тауар өндірушілер жаңа препараттарды шығаруына қатысты жүргізілетін тіркеу үдерістерін жеделдету болып отыр.
«КВИ-ді емдеуге қатысты препараттарды былай қойғанда, жоспарлы түрдегі дертті емдеуге қолданылатын дәрілерді сынақтан өткізуге әрі өндірістік жолға қоюға үш-төрт жыл уақыт кетеді. Осындай қатаң талаптар жағдайында КВИ-ді емдеуге қажетті препараттарды тіркеу тым күрделі үдеріс екенін аңғару қиын емес. Солай бола тұрса да бұл үдерісті жеделдету қажет екені түсінікті. Отандық дәрі-дәрмек өндірісінің өкілдері Президенттің бұл ұсынысын толығымен қолдайтынына сенімім мол. Бұдан басқа жолды табу қиын-ақ. Індет ырғалып-жырғалуды, уақытты зая өткізуді көтермейді. Отандық тауар өндірушілердің жаңа препараттарды шығаруына қатысты тіркеулер жеделдетілсе, елімізге импорттық жолмен ағылып жатқан дәрі-дәрмек бағасы төмендейді. Екіншіден, қолжетімділік деңгейі өседі. Үшіншіден, бұл қадамның елімізде дәрі-дәрмек қауіпсіздігін қамтамасыз етуге де қосатын үлесі қомақты деп санаймын», деді «ТК Фарм-Ақтөбе» компаниясының бас директоры.
АҚТӨБЕ
Бірлік – кемел келешегіміздің кепілі
Қоғам • Бүгін, 05:57
Тәуелсіздік құрдастарының жобасы
Қоғам • Бүгін, 05:54
Заңдардың Конституцияға сәйкестігі – өзекті мәселе
Қоғам • Бүгін, 05:52
Руханият • Кеше
Өнер • Кеше
Ұрпақ өрбіту – ұлт алдындағы парыз
Қоғам • Кеше
«Көңіл көңілден су ішетін» керемет күн
Қазақстан • Кеше
Елордада қазақ күресінен Қазақстан чемпионаты өтті
Спорт • Кеше
Санкт-Петерборда Жамбылдың 175 жылдығы тойланды
Руханият • Кеше
Қос боксшымыз Украинада топ жарды
Бокс • Кеше
Оралда ер адам газдан уланып көз жұмды
Аймақтар • Кеше
Алматы облысында кәсіпкер түрмеге 32 телефон өткізбек болған
Аймақтар • Кеше
Атырау облысында есірткіні заңсыз сатқан ер адам ұсталды
Аймақтар • Кеше
Алматының Алмалы ауданында өрт болды
Аймақтар • Кеше
Түркістандағы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды
Аймақтар • Кеше
АҚШ жаңа вакцинаның қолданысына рұқсат берді
Әлем • Кеше
Ауа райына байланысты жабық тұрған трассалар туралы мәлімет
Қазақстан • Кеше
«Мен мұндай полицияны еш жерден көрмедім...»
Аймақтар • Кеше
Облыстық ассамблея алғыс гимнін шырқады
Аймақтар • Кеше
Нұр-Сұлтан қаласы «қызыл» аймаққа енді
Елорда • Кеше
Қазақстандықтар депозит бойынша қай банкке көп сенім артады?
Экономика • Кеше
Әуе компанияларының табысы құлдырады
Экономика • Кеше
Қыстың соңғы күніне арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Кеше
Коронавирус: Бір тәулікте 2 адам қайтыс болды
Коронавирус • Кеше
Алматыда автобус пен бірнеше жеңіл көлік соқтығысты
Оқиға • 27 Ақпан, 2021
Түркістандағы оқиға: Арнайы комиссия құрылды
Оқиға • 27 Ақпан, 2021
Түркістан облысында бір отбасының бес мүшесі иіс тиіп қайтыс болды
Оқиға • 27 Ақпан, 2021
Көне мұралар цифрлық форматта жаңа тыныс ашуда
Өнер • 27 Ақпан, 2021
ШҚО-да қару сақтау тәртібін бұзған 6 мекемеге айыппұл салынды
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
Пробация қызметінде есепте тұрғандар қоғамдық жұмысқа тартылды
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
Алматыда құрылысшылар құқын қорғауға арналған кеңес өтті
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
Павлодар облысында халық саны азайған
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
Жапония келесі айдан бастап Олимпиада спортшылары үшін шекараны ашуы мүмкін
Әлем • 27 Ақпан, 2021
Қырғызстан Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді
Саясат • 27 Ақпан, 2021
ШҚО-да биыл 70 чернобыльдық санаториялық-курорттық ем алады
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
Алматыда әлеуметтік қор пәтерлерінің құны көтерілмейді
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
Александр Недовесов жұптық сында Нұр-Сұлтан турнирінің жеңімпазы атанды
Спорт • 27 Ақпан, 2021
Ақтөбе облысының Алға ауданына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • 27 Ақпан, 2021
Қостанай облысында жоғалған жылқышы 6 күннен кейін табылды
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
Армениядан әкелінген көліктерді тіркеу мерзімі тағы 1 жылға ұзартылды
Қазақстан • 27 Ақпан, 2021
Шекара қызметі «Қарасу» өткізу пунктінде контрабандалық жүкті ұстады
Қазақстан • 27 Ақпан, 2021
Сенаторлар ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының сессиясына қатысты
Парламент • 27 Ақпан, 2021
Ақпарат министрі кәсіби журналистиканы дамыту жоспарымен бөлісті
Қоғам • 27 Ақпан, 2021
Ақпаратқа мемлекеттің түбегейлі монополиясы жоқ – Аида Балаева
Қоғам • 27 Ақпан, 2021
Азаматтық ұйымдар жеке бастың емес, қоғам игілігі үшін қызмет етеді - Аида Балаева
Қоғам • 27 Ақпан, 2021
«Қазақстан» телерадиокорпорациясы «Мың алғыс» қайырымдылық телемарафонын өткізеді
Қазақстан • 27 Ақпан, 2021
Ақмола облысындағы мектеп асханаларының жұмысына рұқсат берілді
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
Сенатор Күрішбаев сауда орталықтары үшін алдын-ала белгіленген бағалардың дұрыстығына күмәнданады
Парламент • 27 Ақпан, 2021
Экономика • 27 Ақпан, 2021
Алматыда 452 көпбалалы отбасы баспанамен қамтылады
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
10 қалада атмосфералық ауаның ластану индексі жоғары
Экология • 27 Ақпан, 2021
Өлтіріп кеткен: Алматы облысында пәтерден 3 адамның мәйіті табылды
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
Еңбек министрлігі зейнетақы ақшасына автокөлік сатып алу туралы ұсынысқа жауап берді
Экономика • 27 Ақпан, 2021
Қожа Ахмет Ясауи шежіресінің бір үлгісі мен мөрі табылды
Руханият • 27 Ақпан, 2021
Алматы облысында әйелдер колониясына тыйым салынған заттар жеткізілген
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Қала шетіндегі дүкенге қарақшылық жасаған адам ұсталды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Қасым-Жомарт Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысын өткізді
Президент • 26 Ақпан, 2021
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Атырауда 33 медицина қызметкері марапатталды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Нұрсұлтан Назарбаев Қоры қайырымды да батыл отандастарымызды марапаттады
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Қазақстан тарихы: 7 томдық академиялық еңбек әзірленеді
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
Жамбыл мұрасы – ұлт руханиятының айнасы
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Корабльдерді күзету мен қорғау бойынша оқу-жаттығу өтті
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Ұқсас жаңалықтар