Пікір • 13 Шілде, 2020

Жаңа пән енгізуді құптаймын

175 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қозғаған мәселелерінің ішінде ерекше әсер қалдырғаны – жан-жануарларға деген қарым-қатынас пен оларды қорғау керектігін баса айтқаны.

Жаңа пән енгізуді құптаймын

Суреттің авторы Д.Жекенов

Бұл расымен біздің қоғам үшін түйткілді мәселе. Себебі азаматтардың жан-жануарларға деген теріс әрекеттерін әр кезде әлеуметтік желіден көріп жүрміз. Сондай-ақ балаларға қоршаған ортаны қорғау, оған зиянын тигізбеу туралы ерте жастан айтып, тәрбиелеген жөн. Осы орайда Мем­лекет басшысы Білім министрлігіне алдағы оқу жылынан бастап жаңа пән енгізуді тапсырды, бұл да құптарлық іс. Одан бөлек, бастауыш сыныптарда адам және жаһандық құқық деген пәнді жүргізу қажет деген пікірдемін. Өйткені балалар өзінің және өзгенің құқықтарын кішкентайынан біліп өсуі тиіс. Мен осы саланы зерделеп жүрген маман ретінде қажет болса, аталған пәннің бағ­дарламасын әзірлеуге ми­нистр­лікке қолұшымды со­зуға дайынмын.

 

Халида Әжіжұлова,

заңгер