Мемлекет басшысының сөйлеген сөзінен Қазақстан экономикасының қазіргі жағдайы, сондай-ақ оның негізгі бағыттары және даму перспективаларына байланысты бірқатар ой-түйінді байқауға болады. Бұл туралы Baq.kz-ке сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.

Біріншіден, Президент Қ.Тоқаев экономика алдында тұрған проблемаларға ерекше назар аударды. Оның айтуынша, бірінші жартыжылдықта ІЖӨ-нің 1,8% төмендеуі байқалды, қызмет көрсету саласы айтарлықтай зардап шекті, бюджетке түспеген кірістердің үлкен көлемі және осыған қатысты Ұлттық қор қаржысының айтарлықтай шығындалуы мемлекеттік қаржы жүйесіндегі жағдайдың шиеленісіне әкелді.
Сонымен бірге Қазақстанның алдында тұрған бұл макроэкономикалық проблемалар негізінен сыртқы факторлардың ықпалымен – шикізат бағасының құлдырауы мен коронавирустық пандемиядан туындағанын атап өту қажет, ал бюджеттік саладағы жағдайдың шиеленісуіне көбінесе мемлекеттің осындай қиын кезеңде өз мойнына тұрғындар мен бизнеске көмек көрсету бойынша үлкен әлеуметтік міндеттемелерді қабылдауы себеп болды. Бұл өз кезегінде бюджет шығыстары мен Ұлттық қордан аударымдардың өсуіне әкелді. Мемлекет басшысы шағын және орта бизнесті қолдау үшін бұрын-соңды болмаған дағдарысқа қарсы шаралар қабылданғанын, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы іске асырылып жатқанын, оның аясында 225 мың адам жұмыспен қамтылуы керек екендігін, пандемия кезінде жедел мәселелерді шешу үшін ел Үкіметі мен өңірлердің бюджетінен 150 млрд теңге бөлінгенін атап өтті. Осы және басқа да дағдарысқа қарсы шаралар Ұлттық қордан республикалық бюджетке 4,7 трлн теңге көлеміндегі рекордтық аударымға себеп болды (қалыпты уақытта бұл транштың мөлшері шамамен 3 трлн теңгені құрайды).
Қазіргі әлемдік дағдарыс жағдайында ел экономикасында туындаған проблемалар жедел, тактикалық шешімдерді, сондай-ақ стратегиялық мәндегі кешенді шешімдерді әзірлеуді талап етеді. Бұл шешімдердің көпшілігі Президенттің сөйлеген сөзінде айтылды. Ағымдағы жағдайды тұрақтандыратын және экономикалық өсуді қалпына келтірудің Кешенді жоспарын іске асыруға ықпал ететін жедел шараларға келер болсақ, Мемлекет басшысының инфляцияны 8-8,5% шегінде ұстап тұру, мемлекеттік бағалы қағаздар нарығын дамыту бойынша жұмысты күшейту, пандемия кезінде туындаған мүмкіндіктерді пайдаланып сыртқы нарықтарда бәсекеге қабілетті өнімді шығару, дәрі-дәрмек өндірісін дамыту, шетелдік инвесторларды тарту бойынша белсенді жұмыстар жалғасу сияқты тапсырмаларын атауға болады.
Президент Қ.Тоқаев жұмыспен қамту саласы және азаматтардың әлеуметтік жағдайына пандемия салдарынан туындаған жағдайдың жағымсыз әсері және бұл әсерді азайту шараларын әзірлеу қажеттілігіне жеке тоқталды. Осыған байланысты, Үкіметке және Ұлттық банкке ағымдағы күйдің нашарлауы жағдайында салалар мен халықты қолдау бойынша қосымша шаралар кешенін әзірлеу тапсырылды.
Ағымдағы шаралармен қатар, Мемлекет басшысының сөзінде ұлттық экономиканың стратегиялық дамуының негізгі бағыттары да айтылды. Президент дағдарыстарға бейім қазіргі шикізаттық экономикалық модельді неғұрлым прогрессивті және бәсекеге қабілетті модельге ауыстыруға әкелетін жаңа экономикалық бағыттың қажеттілігін мәлімдеді. Қ.Тоқаев тиімсіз бағдарламалардан бас тартып, олардың орнына денсаулық сақтау, білім беру, төмен көміртекті технологиялар, ҒЗТКЖ, экология сияқты өсудің ұзақ мерзімді векторларын таңдау, дамуға басымдықтар беру қажеттілігін атап өтті. Ұзақ мерзімді перспективада Қазақстан экономикасын дамытудың экономикалық моделін түбегейлі өзгертуге негізделген стратегиялық бағыттар ұлттық дамудың перспективалары жағдайында өте маңызды болып табылады. Сонымен қатар қазіргі өте қиын кезеңде де Мемлекет басшысының экономиканы реформалау және модернизациялау бағытын қатаң ұстанатыны байқалды.
Вячеслав ДОДОНОВ,
Президент жанындағы ҚСЗИ-дың бас ғылыми қызметкері, экономика ғылымдарының докторы
Қала шетіндегі дүкенге қарақшылық жасаған адам ұсталды
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Атырауда 33 медицина қызметкері марапатталды
Аймақтар • Кеше
Жамбыл мұрасы – ұлт руханиятының айнасы
Аймақтар • Кеше
Корабльдерді күзету мен қорғау бойынша оқу-жаттығу өтті
Аймақтар • Кеше
ШҚО-да алты мекеме қару сақтау тәртібін бұзған
Аймақтар • Кеше
Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы басталды
Фотогалерея • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Кеше
Алматыда Терісбұлақ өзені кәріз суларынан тазартылды
Аймақтар • Кеше
Ауа райына байланысты бірнеше облыста ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Ақмола облысында 3 мың адамға жеткілікті дәрі-дәрмек қоры бар
Медицина • Кеше
Қызылордада карантин талаптарын сақтамаған түнгі клуб анықталды
Аймақтар • Кеше
Атырауда полицияға 840 әйелден шағым түскен
Аймақтар • Кеше
Тарбағатай ауданында кен байыту комбинаты салынады
Аймақтар • Кеше
Грек-рим күресінен ел біріншілігі аяқталды
Күрес • Кеше
Илон Маск бір тәулікте біраз байлығынан айырылды
Әлем • Кеше
Жандарбек Бекшин алматылықтарға үндеу жолдады
Аймақтар • Кеше
Футзал: Беларуське қарсы ойнаймыз
Спорт • Кеше
Биыл 8 мың алматылықты баспанамен қамту жоспарлануда
Аймақтар • Кеше
Түркістанда «Кәсіпкерлік қырандары» жобасы бастау алды
Аймақтар • Кеше
Шымкенттегі медицина қызметкерлерінің еңбекақысы өсті
Аймақтар • Кеше
Қазақстандықтардың несиесі 7,6 трлн теңгеге жетті
Қаржы • Кеше
Түркістанда құдалық өткізгендер жауапқа тартылды
Аймақтар • Кеше
Шымкенттен шалғай орналасқан ауруханаға КТ аппараты орнатылды
Аймақтар • Кеше
Алматыда қосымша жұмыс орындары ашылады
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Алматыда халықаралық форум өтті
Аймақтар • Кеше
Азаматтарға арналған үкімет өзінің кадрлар резервін жасақтайды
Аймақтар • Кеше
Мемлекеттік хатшы Жамбыл ескерткішіне гүл шоғын қойды
Фотогалерея • Кеше
Батыс Қазақстанда жол апатынан 4 адам қаза тапты
Аймақтар • Кеше
Екі қазақстандық дзюдошы әлемнің үздік ондығына енді
Спорт • Кеше
ШҚО ауыл шарушылығы бойынша алдыңғы қатарда
Аймақтар • Кеше
Экология вице-министрі жұмыс сапарымен Қызылорда облысында болды
Экология • Кеше
Сайын Мұратбетковтың әңгімелері ағылшын тіліне аударылды
Әдебиет • Кеше
Сенаторлар көлік қауіпсіздігі деңгейін төмен деп санайды
Парламент • Кеше
2020 жылы 13 мың этникалық қазақ көшіп келді
Қоғам • Кеше
Ұқсас жаңалықтар