Футбол • 13 Шілде, 2020

Ширек финалдың жеребесі тартылды

172 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Швейцарияның Ньон қаласында Чемпиондар лигасының ширек финал және жартылай финал ойында­рының жеребесі тартылды. 1/8 финал­дың қарымта матчын өткізбеген коман­далардың да ширек финалдағы қарсылас­тары анықталды.

Ширек финалдың жеребесі тартылды

УЕФА бекіткен жаңа ереже бойынша, ширек финалдан бастап лиганың барлық ойындары Португалияда жанкүйерлерсіз өтеді. Тек 1/8 бәсекесінің қарымта матчы ескі жүйе бо­йынша ұйымдастырылады. Яғни «Манчестер Сити» – «Реал» арасындағы қарым­та кездесу 8 тамызда Англияда (бірінші матчта «МС» 2:1 есебімен жеңіске жеткен), «Барселона» – «Наполи» кездесуі Испанияда (Неаполда 1:1 есебі тіркелген), «Бавария» – «Челси» матчы Германияда өтеді (Лондонда «Бавария» 3:0 есебімен басым түскен).

Ширек финалда «Манчестер Сити»/«Реал» – «Ювентус»/«Лион», «Лейпциг» – «Атлетико», «Барселона»/«Наполи» – «Бавария»/«Челси» және «Аталанта» – ПСЖ командалары сынға түседі. Ал жартылай финалда «Манчестер Сити»/«Реал» – «Ювентус»/«Лион» жұбының жеңімпазы «Барселона»/«Наполи» – «Бавария»/«Челси» жұбының жеңімпазымен кездеседі. Сондай-ақ «Лейпциг» – «Атлетико» және «Аталанта» – ПСЖ жұбының жеңімпаздары финал жолдамасын сарапқа салады.