"Медициналық препараттардың 470 түрі Алматыдан әкелінді. Ертеңнен бастап Атырау қаласындағы дәріханаларға таратылады. Ал, аудандарға сәрсенбі мен жұма аралығында жеткізіледі. Алдағы жұмада Алматыдан тағы да дәрі-дәрмек келеді. Онда коронавирустан емдеуге арналған медициналық препараттар болады", -дейді фармацевтикалық компанияның директоры Светлана Липатова.