Оған себеп ретінде дәрігерлер коронавирусты анықтау тестілеуінен балалардың жаппай өтіп жатқанын айтады. Балалардың басым бөлігі ауруды жеңіл түрде немесе симптомдарсыз тасымалдайды. Бірақ кейбіреулерінде коронавирустан кейін вакцинаны іздестіруді қиындататын қабыну процесі дамиды.
Дегенмен балалар Covid-19 тіркелген жалпы көрсеткіштің аз бөлігін ғана құрайды. Мысалы, соңғы уақытта ауырғандар саны күрт өсіп жатқан Флорида штатында 15 жасқа дейінгілер 5%-ды құраса, Нью-Йоркте ауруханаға жатқызылғандардың 1%-ы 20 жасқа дейінгілер.
Балалардың басым бөлігі ауруды өзі сияқты балалардан емес, үйіндегі үлкендерден жұқтырған.