Қоғам • 13 Шілде, 2020

Бақытжан Қанапиянов: Жақындарымызға қамқор болайық, ағайын!

700 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақтың иен даласын мекендеген отандастар, жақындарымыз бен туыстарымыз!

Бақытжан Қанапиянов: Жақындарымызға қамқор болайық, ағайын!

Елбасына төнген осынау қиын кезеңде бақилық болып кеткен жандарға құран бағыштай отырып, алдағы уақытта бір-бірімізді күтіп, жақындарымызға қамқор болайық дегім келеді. Осылай ғана біз белгісіз індетті жеңе аламыз.

Осы орайда өз ісіне қалтқысыз берілген, науқастардың сауығып кетуіне жанын сала жүгіріп жүрген медицина саласының қызметкерлеріне қолдау көрсетейік. Мен адамзаттың осынау індетті жеңіп шығатынына сенімдімін. Ал онымен күресте қандай жағдай болмасын өзімізге, өзіміз арқылы айналамыздағы адамдарға қамқорлық көрсете аламыз. Әрқайсымыз жан-жағымызға жанашырлық танытқанда ғана адамзат басына төнген ауыр күндер артта қалады.

Еліміздің болашағы жолында баршамыз аман болайық, ағайын.

 

Бақытжан ҚАНАПИЯНОВ,

ақын,

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері