Әлем • 13 Шілде, 2020

Гонконгта коронавирус қайта өршіді

218 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дүйсенбі күні Гонконгта коронавирус жұқтырған 50 адам тіркелді, деп жазады Egemen.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Гонконгта коронавирус қайта өршіді

SCMP басылымының жазуынша, Гонконг әкімшілігі коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны күрт артып кетуіне байланысты әлеуметтік қашықтық шарасын күшейту мәселесін қарастырып жатыр. Жалпы, ҚХР арнайы әкімшілік ауданында 5-11 маусым аралығында 211 COVID-19 жұқтыру оқиғасы тіркеліп, олардың 143-і өліммен аяқталған.

Осыған байланысты дүйсенбіден бастап Гонконгта балабақша мен мектептер жұмысын тоқтатып, жазғы демалысқа ерте кетеді.

Гонконгтың денсаулық сақтау департаменті коронавирустың таралуын болдырмас үшін қоғамды тиісті әлеуметтік қашықтықты сақтауға шақырады. Сонымен қатар, мүмкіндігінше көшеге шықпауды, қоғамдық іс-шараларға бармауды және қатты қажет болмаған жағдайда ҚХР әкімшілік ауданының шекарасынан аспауды сұрайды.

Кейінгі ресми деректерге сәйкес, Гонконгта 1469 коронавирус індетін жұқтыру оқиғасы тіркелді.