Әлем • 13 Шілде, 2020

Коронавирустан сауыққандардың 17%-ында ғана вирусқа қарсы иммунитет сақталады

584 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Лондон Корольдік колледжінің зерттеушілері коронавирустық инфекцияны бастан кешкен науқастар бірнеше айдан кейін ауруға қарсы иммунитетін жоғалтады және вирусты қайта жұқтыруы мүмкін екенін анықтады. Зерттеуге қатысушылардың арасында үш ай бойы иммунитет сауығып кеткендердің 17% - ында ғана сақталған, деп жазады Egemen.kz "VADEMECUM" денсаулық сақтау индустриясы туралы іскерлік журналына сілтеме жасап.

Коронавирустан сауыққандардың 17%-ында ғана вирусқа қарсы иммунитет сақталады

Ғалымдар 2020 жылдың наурыз айынан маусым айына дейін коронавирусқа қарсы антиденелерге тұрақты жүргізілген тест нәтижелеріне сүйеніп отырды. Клиникалық зерттеулер 65 пациенттің, 6 медицина қызметкерінің және Англияның Ұлттық денсаулық сақтау қызметінің Гай және Сент-Томас Қорының 31 еріктілерінің қатысуымен жүргізілді. 

Қан талдауы вирус жұқтырғандардың 60%-ында емдеу кезінде антиденелер пайда болғанын көрсетті. Бірақ емделушілердің 17%-ында ғана вирусқа қарсы иммунитет жұқтырылған сәттен бастап үш ай өткеннен кейін де сақталды.

Вирусты жоюға қабілетті антиденелер деңгейі симптомдар пайда болғаннан кейін шамамен үш аптадан кейін максимумға жетті. Жұқтыру сәтінен бастап үш ай өткеннен кейін пациенттердің көпшілігінде антиденелер деңгейі 23 есе төмендеді. Жұқтырудың ауыр жағдайларында антиденелер ұзақ уақытқа сақталады.

Сондай-ақ неміс DPA ақпарат агенттігі Мюнхендегі Schwabing клиникасындағы зерттеушілер ұқсас қорытындыға келгені туралы хабарлады. Медициналық ұйымдарда ақпан айынан бастап Германияда коронавирусты жұқтырған алғашқы пациенттердің бірі байқалды. Тоғыз пациенттің төрт пациентте дайындалған антиденелердің деңгейі уақыт өте келе төмендегені анықталды.