Әлем • 13 Шілде, 2020

Тәжікістанда пандемия уақытында ажырасу азайды

258 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Індеттің белең алған уақытынан бері Тәжікістанда өткен жылғы дерекпен салыстырғанда ажырасу көрсеткіші айтарлықтай төмендеген, деп хабарлайды Egemen.kz

Тәжікістанда пандемия уақытында ажырасу азайды

Тәжікістанның Әділет министрлігі Азаматтық хал актілерін жазу басқармасының басшысы Саодатбиби Сироджзода: "Осы кезеңде неке қию жазбаларының саны 29 955 (2019 жылы – 33 265), ажырасу туралы жазбалардың саны – 5 486 (2019 жылы – 6 065) дейін төмендеді", дейді.

Оның айтуынша, COVID-19 таралу кезеңінде, шет елдерде, керісінше, отбасылардың ажырасуы жаһандық проблемаға айналды. Неке жазбалар санының төмендеуі белгілі бір кезеңде үйлену рәсімін өткізуге тыйым салумен байланысты болғанын да тілге тиек етті.

"Алауыздық, ерлі-зайыптылардың бірін-бірі түсінбеуі, әлеуметтік жағдайы, жастардың отбасылық өмірден бейхабарлығы отбасылардың ыдырауына әкеліп соғады", дейді Саодатбиби Сироджзода.

Деректерге сәйкес, ажырасу көрсеткіші Тәжікстанның Соғды облысында ең көп байқалған. 1922 отбасылық одақ күшін жойыпты. Ал Хатлон облысы бойынша – 1230, ГБАО – 80, Душанбе – 931, РРП – 1323  жағдай тіркелген.