Технология • 13 Шілде, 2020

Ғарыш инженерлері вируспен күресіп жатыр

312 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Пандемия кезінде ғарыш инженерлері күштерін коронавируспен қатысты жобаларға бағыттады. Нақты айтқанда, NASA-ның JPL инженерлері (реактивті қозғалыс зертханасының мамандары) желдеткіштің жылдам құрастырылатын жаңа түрін шығарды.

Ғарыш инженерлері вируспен күресіп жатыр

Virgin Orbit компаниясы да қалыспай дәл сондай құрылғыны әзірлеуді жолға қойды. Blue Origin және Boeing медицина қызметкерлеріне арналған бетперде мен басқа да жеке қорғаныс құралдарын шығара бастады.

Жерді бақылайтын спутниктер паркін басқаратын Maxar және Planet компаниялары өз қызметтеріне сұраныстың өскенін байқады. Өйткені, олар жинақтайтын деректер адам мен қоршаған ортаның өміріндегі жаһандық және аймақтық үрдістерді қадағалауға көмектеседі. Intelsat және Hughes секілді телекоммуникациялық компаниялар қажетті инфрақұрылымды, қашықтан жұмыс істейтін бизнес субъектілерін, сол сияқты ауруханалар мен клиникаларды онлайн режімде қолдау мақсатында спутниктік желідегі мүмкіндіктерін кеңейтетіндерін хабарлады.

Қазіргі күрделі кезеңде телемедицинаға деген қажеттілік күрт асқаны рас. Бұл орайда Еуропалық ғарыш агенттігі телемедицина нарығында жұмылдырылған компаниялардың қызметін қадағалайтын «адал брокердің» міндетін атқарудың мәселесін қарастыруда. Осыған байланысты ЕҒА Италияда арнайы жиын өткізген-ді.